Іс-шаралар күнтізбесі

Эксетер университетінің (Ұлыбритания) профессоры Алан К.Оутрамның лидерлік дәрісі

01.11.2022

Бүгін Тарих факультетінде Эксетер университетінің (Ұлыбритания) профессоры Алан К.Оутрамның лидерлік дәрісі өтті. Дәріске факультет оқытушылары, студенттерімен қатар Ә.Х. Марғұлан ат. Археология институтының да ғылыми қызметкерлері қатысты.
Дәріс барысында:
- ағылшындардың ортағасырлық соғыс жылқылары;
- зооархеология және оның әдістері;
- заманауи жылқылар мен ортағасырлық соғыс жылқыларының ерекшеліктері туралы айтылды.
Профессордың лидерлік дәрісі ертең 11.00де 405 аудиторияда өз жалғасын табады. Дәріс тақырыбы: «Ботай ескерткішінің алатын орны және жылқыны қолға үйретуге қатысты пікірталастар».

Ары қарай оқу >>

"XIV Оразбаев оқулары" халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы

29.10.2022

Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тарих факультеті, Археология,этнология және музеология кафедрасы ҚР Орталық мемлекеттік музейімен және "Таңбалы" музей-қорығымен бірлесіп “Таңбалы”музей қорығында “Ежелгі және ортағасырлардағы мәдени байланыстар: жаңа зерттеулер мен ашылымдар” тақырыбында белгілі ғалым, археолог Ә.М. Оразбаевтың 100 жылдығына арналған дәстүрлі "XIV Оразбаев оқулары" халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясын өткізді.
Конференцияға отандық және шетелдік ғалымдар, сондай-ақ тарих факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер, магистранттар қатысты.
Шетелдік ғалымдардың арасында конференцияға “Хаджетепе” университетінің профессоры Мехмед Дервиш Клынчкая(Түркия), АҚШ-тан Вэйн Ванта “Флорида” университеті профессоры, Зени Сарабиа-Панол “Миддл Теннеси” университеті профессоры, Мемлекеттік “Эрмитаж” музейінің ғылыми қызметкері Алксей Кулиш (Ресей) қатысты.

Ары қарай оқу >>

«Дәулет-Бекет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің түйе шаруашылығына этнографиялық және этноэкологиялық бағытта ғылыми іс-сапар

28.10.2022

Археология, этнология және музеология кафедрасы 2022 жылдың 27 қазан күні Алматы облысы, Ақши елді мекені мен Күрті өзені аңғарындағы алқапқа, «Дәулет-Бекет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің түйе шаруашылығына этнографиялық және этноэкологиялық бағытта ғылыми іс-сапар ұйымдастырды.
Ғалымдар тобының құрамы:
Картаева Тәттігүл – профессор, тарих ғылымдарының кандидаты, этнограф (топ жетекшісі);
Эврим Олчер Озинель – ЮНЕСКО Халықаралық ұйымының Материалдық емес мәдениет мұралары бойынша халықаралық комиссия мүшесі, Туркия ЮНЕСКО Ұлттық комиссиясының мүшесі, Анкара Хаджы Байрам Вели университетінің қауымдастырылған профессоры, PhD (Туркия, Анкара);
Сала Ренато – «Геоархеология» Халықаралық лабораториясының жетекші ғылыми қызметкері, археолог (Италия);
Деом Жан-Марк – «Геоархеология» Халықаралық лабораториясының аға ғылыми қызметкері, археолог (Бельгия).
Этнограф ғалымдар түйемен байланысты этношаруашылық, этнозоология, этномедицина; геоархеолог ғалымдар түйе жайылымын қамтамасыз етумен байланысты геоэтноэкология, геоэтноботаника бағытында алдын-ала бақылау, барлау жұмыстарын жүргізді.
Ғалымдар тобымен «Дәулет-Бекет» ЖШС директоры Сыдық Әбуұлы Даулетов жұмыс жасады.

Ары қарай оқу >>

“Республика күні: жаңғырған мейрам”

21.10.2022

Республика күні мейрамына орай 21 қазан археология, этнология және музеология кафедрасының оқытушысы Есенаманова Айгерим Серікқызының ұйымдастыруымен “Этнология және антропология” 1 курс студенттеріне “Республика күні: жаңғырған мейрам” атты тәрбие сағаты өткізілді.
2022 жылдың 16 шілдесінде Ұлттық құрылтайда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мереке мәртебесін Республика күніне қайтаруды ұсынған болатын. Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болып табылады.

Ары қарай оқу >>

Археология және этнология» мамандығының 3 курс студенттері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінде

11.10.2022

25 қазан Республика күніне орай тарих факультетінің Археология және этнология» мамандығының 3 курс студенттері патриоттық тәрбие, ұлттық сананы қалыптастырудағы музей мекемелерінің орны ерекше екенін ескере отырып Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейіне барып, музейдің экспозициялық залдарымен танысып келді.

Ары қарай оқу >>

2022 ж. 3-7 қазанда Түркияның Анкара қаласында «ХІХ Түрік тарихы конгресі» өтті.

10.10.2022

2022 ж. 3-7 қазанда Түркияның Анкара қаласында «ХІХ Түрік тарихы конгресі» өтті.
Конгресті 1932 ж. бастап «Түрік тарихы қоғамы» ұйымы төрт жылда бір рет өткізіп келеді. Аталған ғылыми іс-шараға археология, этнология және музеология кафедрасының меңгерушісі Р.С. Жуматаев қатысып, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдарының археологиялық зерттеу жұмыстары жөнінде баяндады. Сонымен бірге, Түркия археологтарымен келіссөздер жүргізіліп, Қазақстан аумағындағы түркі дәуірі археологиялық ескерткіштерін бірлесе зерттеу талқыланды.

Ары қарай оқу >>

“Алтай- түркі әлемінің алтын бесігі” атты халықаралық форум

09.09.2022

 

Әл-фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультетінің профессорлары мен оқытушылары Өскемен қаласында өткен “Алтай- түркі әлемінің алтын бесігі” атты халықаралық форумға қатысты.
 Форумда шет елдік және отандық ғалымдар баяндама жасады.
  Халықаралық форум аясында біздің оқытушылар “Ақ бауыр” тарихи археологиялық кешеніне
экскурсиямен барып қайтты.

Ары қарай оқу >>

"Құтлық қаған жазуы - ғасыр жаңалығы" атты дөңгелек үстел

03.09.2022

Бүгін әл-Фараби кітапханасында "Құтлық қаған жазуы - ғасыр жаңалығы" атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге университет профессорлары және Базылхан Нәпіл – Халықаралық Түркі академиясының ғылыми қызметкері, Алтангэрэлийн Энхтөр – Моңғолия Ғылым академиясы, Тарих, археология институты Ортағасырлық археологиялық зерттеу орталығының жетекшісі қатысты.
Іс-шара барысында Құтлық қаған кешенінің ашылуына байланысты ой-пікірлер айтылып, болашақ бірлескен археологиялық зерттеулер талқыланды

Ары қарай оқу >>