Іс-шаралар күнтізбесі

Жас ғалымдардың археологиялық конференциясы

17.10.2019

Қазақстандағы жастар жылы аясында 17 қазан 2019 жылы Ғылым ордасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Археология, этнология және музеология кафедрасы, Тарих, археология және этнология факультетінің студенттері «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы, «Ұлы даланың жеті қыры» атты Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтың мақаласы аясында өткізілген «Ақынжанов оқулары-2019» атты халықаралық археологиялық жас ғалымдардың конференциясына қатысты. Іс-шара аясында студенттер байырғы металлургиялық пештер мен ошақтарының реконструкциясы, ежелгі металлургияны зерттеудегі трассологиялық әдістер және т.б. мастер-класстар өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Магистранттар педагогикалық іс-тәжірибеден өтуде

16.10.2019

16 қазан 2019 жылы «Археология және этнология» мамандығының 2 курс магистранты Абдрахманов Бекдаулет «Археология және этнология» мамандығының 2 курс студенттеріне «Азияның қола дәуірі археологиялық ескерткіштері» тақырыбында ашық семинар сабағын өткізді. 

Ары қарай оқу >>

БАО-ға саяхат

29.09.2019

29 қыркүйек күні салауатты өмір салтын қолдау мақсатында «Археология және этнология» мамандығының 2 курс студенттерімен Үлкен Алматы өзеніне саяхат ұйымдастырылды.

Ары қарай оқу >>

Археология,этнология және музеология кафедрасының студенттері Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында Жәнібек Кәрменовтың 70 жылдығына арналған кеште.

27.09.2019

Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында 27 қыркүйек күні Жәнібек Карменовтың 70 жылдығына арналған «Үнің кетпес құлақтан...» атты әдеби-сазды шығармашылық кеші өтті Аталмыш іс-шараға факультетіміздің "Музей ісі және ескерткіштерді қорғау" мамандығының 2 курс студенттері мен археология, этнология және музеология кафедрасының профессор м.а., т.ғ.д., А.Б.Қалыш қатысып, әсерлі кештің куәгерлері болып қайтты.

Ары қарай оқу >>

"Д.А. Қонаев Жолы"

26.09.2019

Д. А. Қонаев қызметкері Е. Тәшкенбаевтың «Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығының 3-курс студенттеріне өткізген

«Д.А. Қонаев жолы» атты дәрісі.

Ары қарай оқу >>

Археология, этнология және музеология кафедрасының студенттері Алматы қаласы мұражайындағы "Мұражайдағы түн" атты іс-шараға қатысты

20.09.2019

20 қыркүйек 2019 жылы 19:00 әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Археология, этнология және музеология кафедрасы, Тарих, археология және этнология факультетінің 1 және 2 курс студенттері Алматы Музейінде «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы, «Ұлы даланың жеті қыры» атты Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтың мақаласы аясында өткізілген «Музей түні» атты іс-шараға қатысты. Іс-шара аясында студенттер музейдің экспозицияларымен танысып, шарықта саздан жасалатын ыдыс, сонымен бірге, бейнелеу өнерінің түрлі әдістері және т.б. мастер-класстар өткізілді.

Ары қарай оқу >>

«Музей түні-2019»

20.09.2019

«Археология және этнология» мамандығының 2 курс студенттері Нұрғали Несипбай мен Демесін Балғынбек ҚР Мемлекеттік орталық музейі ұйымдастырған «Музей түні-2019» іс-шарасына белсенді қатысты.

Ары қарай оқу >>

Жаңа оқу жылы – жаңа мүмкіндіктер

06.09.2019

6 қыркүйекте «Жаңа оқу жылы – жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында «Археология және этнология» мамандығының 2 курс студенттерімен алғашқы куратор сағаты өтті. Куратор сағаты кезінде топтың жылдық жоспары жасалып, жаңа оқу жылындағы жаңа мүмкіндіктер мен идеялар тақырыбында дискуссия жүргізілді.

Ары қарай оқу >>