Іс-шаралар күнтізбесі

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің археологиялық базасы - ортағасырлық Ақтөбе (Баласағұн) қаласында Жамбыл облысының әкімі Нұржан Молдиярұлы Нұржігітовпен кездесу өтті.

19.08.2022

18 тамыз күні әҚазҰУ археологиялық базасы - ортағасырлық Ақтөбе (Баласағұн) қаласында Жамбыл облысының әкімі Нұржан Молдиярұлы Нұржігітовпен кездесу өтті. 
Кездесу барысында университет тарапынан келесі мәселелер жөнінде ұсыныстар жасалды:
1. Ақтөбе (Баласағұн) қаласына жол салу мәселесі;
2. Ақтөбе (Баласағұн) қаласын туристік кешенге айналдыру;
3. Ақтөбе (Баласағұн) қаласын ЖОО арасында ортақ оқу-тәжірибе базасын айналдыру жөнінде мәселелер айтылды.

Ары қарай оқу >>

Ақынжанов оқулары 2022

20.04.2022

 

2022 жылдың 20 сәуірі ҚР БҒМ ҒК Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің тарих факультетімен және «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығымен бірлесе отырып, «Ақынжанов оқулары – 2022» атты студенттер мен жас ғалымдардың Халықаралық ғылыми конференциясын өткізді.
«Ақынжанов оқулары» атты студенттер мен жас ғалымдардың конференциясы 1993 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бірқатар отандық ғалымдардардың ғылымдағы жолы осы конференциядан бастау алып, олардың көпшілігі еңбек жолын археология ғылымымен байланыстырды.
Конференцияға қатысушылардың аясы кеңейіп, Қазақстанның барлық аймақтарындағы және жақын шетелдердегі оқу орындары мен ғылыми орталықтарымен өзара байланыс артады деп күтілуде.

Ары қарай оқу >>

Боралдай – ғасырлар куәсі

18.04.2022

18 сәуір 2022 жылы «Шаңырақ-1» ықшам  ауданында орналасқан «Боралдай сақ қорғандары» археологиялық паркінде Халықаралық тарихи ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне арналған «Боралдай – ғасырлар куәсі» атты тарихи танымдық,  мәдени іс-шара өтті.
​Туған жер мен туған табиғатты аялап, тамыры терең тарихымызды насихаттауға арналған бұл шара әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тарих факультетімен бірлесіп ұйымдастырды.
​Жоспарланып отырған мерекелік іс-шараның басты мақсаты – ғасырлар куәсі болған, тарихы тереңнен тамыр алатын ескерткіштерді сақтау және мәдени мұраны қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аудару болып табылды.
​Іс-шара барысында қонақтар Алматы қаласы аумағындағы ескерткіштер туралы толық мағлұмат алып, мерекелік концерттік бағдарламаға, қызықты викторинаға қатысты.

Ары қарай оқу >>

Ә.Х. Марғұлан оқулары 2022

12.04.2022

2022 жылдың 12 сәуір ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің тарих факультетімен бірлесе отырып, Қазақстанның ғылым саласы қызметкерлерінің күніне орай, кезекті «Марғұлан оқулары – 2022» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастырды. 
Конференцияда 2021 жылы Қазақстан аумағы мен көршілес мемлекеттерде жүргізілген археологиялық жұмыстардың нәтижелері көрсетіліп талқыланды.
Бүгін «Марғұлан оқулары-2022» бағдарламасы аясында пленарлық мәжіліс өтті.

Ары қарай оқу >>

“Шілікті алтын адамы және сақ-скиф археологиясының кейбір мәселелері” атты тақырыпта көшбасшылық дәріс

01.04.2022

 

“Этнолог” үйірмесінің ұйымдастыруымен профессор, тарих ғылымдарының докторы, белгілі археолог-ғалым Төлеубаев Әбдеш Ташкенұлымен “Шілікті алтын адамы және сақ-скиф археологиясының кейбір мәселелері” атты тақырыпта көшбасшылық дәрісі өтті.
Дәріс соңында Әбдеш Ташкенұлы студенттерге белсенді қатысқаны үшін сыйлықтар табыс етті.
Осындай шәкірттеріміз бен ұстаздарымыз барына мақтанамыз!

Ары қарай оқу >>

Музеолог клубының аясында наурыз айының 14 жұлдызында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультеті 1-2 курс студенттерінің Қалыш Аманжол Боранбайұлымен кездесу

16.03.2022

Музеолог клубының аясында наурыз айының 14 жұлдызында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультеті 1-2 курс студенттерінің Қалыш Аманжол Боранбайұлымен кездесу кеші өтті. Отандық тарих ғылымының дамуына айтарлықтай өз үлесін қосып келе жатқан, тарих ғылымдарының докторы, этнограф, профессор Қалыш Аманжол Боранбайұлы кездесу барысында студенттермен этнологиялық зерттеу әдістері бағытында өз тәжірибесімен бөлісті. Сұрақ- жауап арқылы студенттердің ойын тыңдап, кеңес беріп, алдағы уақытта этнология ғылымына деген адамдардың сана- сезімін оятуды алға тарту керектігін басып айтты.

Ары қарай оқу >>

Алматы облысы, Абай атындағы орта мектебіндегі тарих апталығының басталуы

02.03.2022

 

02.03.2022 ж. Алматы облысы, Абай атындағы орта мектебіндегі тарих апталығының басталуына орай археология, этнология және музеология кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Мейрманова Гүлжан Асанқызы мектеп оқушыларына кәсіби-бағдар беру мақсатында "Көне жәдігерлер сыры" тақырыбында дәріс және көрме өткізді.
Кафедраның білім беру бағдарламалары мен ғылыми жаңалықтары туралы баяндалды.

Ары қарай оқу >>