Іс-шаралар күнтізбесі

ХV Оразбаев оқулары халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы

21.04.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан Республикасының мемлекеттік Орталық музейі және «Таңбалы» тарихи-мәдени және табиғи мемлекеттік қорық-музейімен бірлесе отырып 21-22 сәуір аралығында «ХV Оразбаев оқулары» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясын өткізді.
Конференцияның бірінші күні ҚР Орталық музейінде өткізілді. Ғылыми іс-шараға
Қазақстанның белгілі археолог, этнолог, музеолог ғалымдарымен қоса шетелдік те қонақтар қатысты.
Халықаралық конференция аясында археология, этнология, музеология салаларындағы маңызды мәселелер талқыланып, әртүрлі ұсыныстар айтылды.

Ары қарай оқу >>

Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» білім беру бағдарламасы бойынша XV Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы

19.04.2023

2023 жылдың 19 сәуір әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Тарих факультетінде 6В002208 – «Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» білім беру бағдарламасы бойынша XV Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы 2 тур бойынша өткізілді:
Олимпиадаға Қазақстан Республикасының Жоғары оқу оқу орындарынан 7 топ қатысты:
1. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Тұмар» командасы,
2. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Шамшырақ» командасы,
3. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Ұлттық мұра сақшылары» командасы,
4. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Мәдени мұра» командасы, Қазақ Ұлттық Аграрлық зерттеу Университетінің «Жалынды жастар» командасы,
5. Қазақстан-Ресей Медициналық Университетінің «Патологоанат» командасы,
6. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Жанкент» командалары қатысы.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша:
І орынды - «Ұлттық мұра сақшылары» командасы
ІІ орынды - «Жанкент» тобы
ІІІ орынды: «Тұмар» командасы иеленді
Қалған қатысушылар сертификаттар марапатталды

Ары қарай оқу >>

Қырым Алтынбеков атындағы көрме-фойе және «Қазақтардың сәулет ескерткіштері»

18.04.2023

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінде белгілі суретші Қырым Алтынбеков атындағы көрме-фойе және «Қазақтардың сәулет ескерткіштері» фотогалереясының салтанатты ашылуы өтті.
 Көрме-фойеге белгілі суретші-реставратор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Қырым Алтынбековтің жұмыстары қойылды.
 «Қазақтың сәулет өнері ескерткіштері» атты фотогалерея қазақ халқының дәстүрлі білімдер жүйесіндегі халықтық сәулеттік өнер түрлерін дамытудың аймақтық ерекшелігімен таныстырады. Қазақ жерінің батыс өңірінің киелі жерлеріндегі этнографиялық ескерткіштер – кесенелер, мешіттер, қабір үстіне қойылатын тастардың түрлері: құлпытас, сандықтас, қойтас, қошқартастардың сақталуы ерекше назар аудартады, сонымен қатар, олар қазақ халқының ежелгі сәндік-қолданбалы өнеріндегі тас қашау өнерінің бірегей үлгілері. Белсенді қолданыстағы құдықтар түрлерімен қатар, қабырғасы таспен шегенделген, жойылу қаупіндегі және шұғыл қорғауды қажет ететін кейбір қарауыл-құдық түрлері көрсетілген.
 Шараға белгілі ғалымдар, қоғам және мемлекет қайраткерлері, университет басшылығы, оқытушы-профессорлар құрамы мен БАҚ өкілдері қатысты.

Ары қарай оқу >>

Бейсенов Арман Зияденұлының «Беғазы-Дәндібай және Тасмола мәдениеттеріне қарасты бұйымдарға жасалған жаңа ғылыми сараптамалар нәтижелері» атты көшбасшылық дәрісі

11.04.2023

Бүгін 2023 жылдың 11 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Тарих факультетінің ғалымдары мен студенттері белгілі археолог, "Беғазы-Тасмола тарих және археология" ғылыми-зерттеу орталығының директоры Бейсенов Арман Зияденұлының «Беғазы-Дәндібай және Тасмола мәдениеттеріне қарасты бұйымдарға жасалған жаңа ғылыми сараптамалар нәтижелері» атты лекциясына қатысты.

Ары қарай оқу >>

Марғұлан оқулары – 2023 халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

30.03.2023

2023 жылдың 30 наурызында ҚР Ғылым комитетінің Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің тарих факультетімен бірлесе отырып, кезекті «Марғұлан оқулары – 2023» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастырды.
 Конференцияда 2022 жылы Қазақстан аумағы мен көршілес мемлекеттерде жүргізілген археологиялық жұмыстардың нәтижелері көрсетіліп талқыланды.
 Әр саланың жетекші ғалымдары ашқан жаңалықтары және зерттеу тәжірибелерімен бөліседі, сондай-ақ археология ғылымын дамытудың өзекті мәселелері мен перспективаларын талқыланды.
Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:
− 2022 жылғы далалық археологиялық зерттеулердің нәтижелері;
− тас дәуірінің зерттеулері;
− ерте металл дәуірін зерттеудің жаңа деректері мен нәтижелері;
− еуразиялық мәдени кеңістігі контекстіндегі ерте көшпелілер;
− орта ғасыр кезеңіндегі қала мен дала;
− археологиялық зерттеулердегі пәнаралық тәсілдер;
− археологиялық мұраны сақтаудың, консервациялаудың және қалпына келтірудің өзекті мәселелері;
− далалық зерттеулердің жаңа технологиялар мен заманауи құжаттау тәсілдері.  
 Конференция жұмысына еліміздің жетекші ғалымдары, сондай-ақ Германия, Белгия, Австралия, Франция, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Армения ғалымдары тікелей және қашықтан қатысты.
 

Ары қарай оқу >>

Этнология және антропология», «Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» білім бағдарламасының 1 курс студенттері Д. Қонаевтың мемориалдық музейінде

27.03.2023

«Этнология және антропология», «Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» білім бағдарламасының 1 курс студенттері Д. Қонаевтың мемориалдық музейіне барды. Мемлекет қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмір тарихы мен қызметтік ғұмыры туралы тың деректермен танысып қайтты.

Жауапты оқытушы Есенаманова А

Ары қарай оқу >>