Іс-шаралар күнтізбесі

«Қазақстан тарихы» әдістемелік журналының және «Бала тәрбиесі» журналының бас редакторы Тамара Оразханқызы Әзімхановамен кездесу

31.10.2019

Этнолог клубы егемен елдің жастарын отаншылдық рухта тәрбиелеу мақсатында «Халықтық педагогика – ұлттық тәрбие құралы» тақырыбында «Қазақстан тарихы» әдістемелік журналының және «Бала тәрбиесі» журналының бас редакторы Тамара Оразханқызы Әзімхановамен кездесу өткізеді. Кездесуге «Қазақстан тарихы» әдістемелік журналының алқа мүшесі, т.ғ.к., доцент Қ.Қ. Кунапина, т.ғ.к., аға оқытушы Е.М.Тұрғымбаев қатысты. Кездесуде халықтық педагогикадағы бала дәрбиесіне байланыстты қалыптасқан салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар сөз болды. 

Ары қарай оқу >>

Этнология клубының жылдық жоспарына сәйкес Д.Қонаев музейіне саяхат

24.10.2019

«Этнология» клубының ұйымдастыруымен «Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығының 2-курс студенттері Д.Қонаев атындағы музей мен музей үйіне барып қайтты. Музейде А.Қонаевтің пайдаланған заттары, кітаптары мен киімдері сақталған. Музейдегі әр түрлі елдің танымал мүсіншілердің, қолөнер шеберлерінің Д.А.Қонаевқа сыйға тарқан сыйлықтары  баға жетпес құнды мұралардың бірі болып табылады.

Ары қарай оқу >>

Жас ғалымдардың археологиялық конференциясы

17.10.2019

Қазақстандағы жастар жылы аясында 17 қазан 2019 жылы Ғылым ордасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Археология, этнология және музеология кафедрасы, Тарих, археология және этнология факультетінің студенттері «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы, «Ұлы даланың жеті қыры» атты Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтың мақаласы аясында өткізілген «Ақынжанов оқулары-2019» атты халықаралық археологиялық жас ғалымдардың конференциясына қатысты. Іс-шара аясында студенттер байырғы металлургиялық пештер мен ошақтарының реконструкциясы, ежелгі металлургияны зерттеудегі трассологиялық әдістер және т.б. мастер-класстар өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Археология,этнология және музеология кафедрасының студенттері Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында Жәнібек Кәрменовтың 70 жылдығына арналған кеште.

27.09.2019

Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында 27 қыркүйек күні Жәнібек Карменовтың 70 жылдығына арналған «Үнің кетпес құлақтан...» атты әдеби-сазды шығармашылық кеші өтті Аталмыш іс-шараға факультетіміздің "Музей ісі және ескерткіштерді қорғау" мамандығының 2 курс студенттері мен археология, этнология және музеология кафедрасының профессор м.а., т.ғ.д., А.Б.Қалыш қатысып, әсерлі кештің куәгерлері болып қайтты.

Ары қарай оқу >>

"Д.А. Қонаев Жолы"

26.09.2019

Д. А. Қонаев қызметкері Е. Тәшкенбаевтың «Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығының 3-курс студенттеріне өткізген

«Д.А. Қонаев жолы» атты дәрісі.

Ары қарай оқу >>

Археология, этнология және музеология кафедрасының студенттері Алматы қаласы мұражайындағы "Мұражайдағы түн" атты іс-шараға қатысты

20.09.2019

20 қыркүйек 2019 жылы 19:00 әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Археология, этнология және музеология кафедрасы, Тарих, археология және этнология факультетінің 1 және 2 курс студенттері Алматы Музейінде «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы, «Ұлы даланың жеті қыры» атты Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтың мақаласы аясында өткізілген «Музей түні» атты іс-шараға қатысты. Іс-шара аясында студенттер музейдің экспозицияларымен танысып, шарықта саздан жасалатын ыдыс, сонымен бірге, бейнелеу өнерінің түрлі әдістері және т.б. мастер-класстар өткізілді.

Ары қарай оқу >>

«ХІ Оразбаев оқулары» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы

26.04.2019

Тарих, археология және этнология факультеті Археология, этнология және музеология кафедрасының Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейі және «Таңбалы» мемлекеттік қорық-музейімен бірлесіп ұйымдастырған дәстүрлі «Ұлы даланың жеті қыры және Еуразия археологиясы мен этнологиясының өзекті мәселелері» атты «ХІ Оразбаев оқулары» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтті. Конференцияға археология, этнология жəне музей ісі саласының Ресейден, Əзірбайжаннан, Украина жəне тағы басқа мемлекеттерден келген ғылыми қызметкерлер, магистранттар мен студенттер қатысты.

Ары қарай оқу >>

«Археология және этнология» мамандығы бойынша пәндік олимпиада

09.04.2019

Археология, этнология және музеология кафедрасы «Археология және этнология» мамандығының студенттері Нұр-Сұлтан қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен «Археология және этнология» мамандығы бойынша пәндік олимпиадаға қатысып жүлделі 1 орынға ие болды.

Ары қарай оқу >>