Археология,этнология және музеология кафедрасының 1 курс студенттері тарих ғылымдарының докторы, профессор, белгілі археолог-ғалым Мадияр Елеуұлымен кездесу өтті.
01.03.2022
2022 жылдың 23-ші ақпан айында «Ұлы Дала Елінің археологиялық мұрасы» атты көрмесі Алматы облысы, Қарасай ауданы Қаскелең қаласындағы В.Г. Белинский атындағы ОМ ұйымдастырылды. 10-шы сынып оқушыларымен кездесіп, археология, этнология және музеология кафедрасының білім беру бағдарламаларымен таныстырды. Ұйымдастырғандар: Мейірманова Г.А., Баудиярова Қ.Б., Терекбаева Ж.М., Ерғабылов А.Е.
23.02.2022 ж. Археология, этнология және музеология кафедрасының доценті М.Қ. Егізбаева дәстүрлі қазақ этнографиясы туралы "Домбыра" ұлттық телеарнасына сұхбат беріп, кафедрадағы мамандықтар туралы да ақпарат айтылды.
Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, сәндік өнер кафедрасының ұйымдастыруымен "Шығыс Қазақстан археологиясы: соңғы зерттеулер нәтижелері" тақырыбында археология, этнология және музеология кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Омаров Ғани Қалиханұлымен шығармашылық кездесу өтті.
19 қараша күні Археология, этнология және музеология кафедрасының меңгерушісі Р.С. Жуматаев Алматы қаласының №177 мектептің 10-11 класс оқушыларымен кездесіп, кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді. Әсіресе, оқушыларды қызықтырған "Археология" саласы туралы тың деректермен таныстырды.
Археология этнология және музеология кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к. Қ.Баудиярова "Музей ісі және ескерткіштерді қорғау мамандығының 3-4 курс студенттеріне Ә.Қастеев мемориалдық музейіне экскурсия ұйымдастырды.