Іс-шаралар күнтізбесі

«Мен жастарға сенемін» республикалық жастар форумы

20.11.2019

«Мен жастарға сенемін» республикалық жастар форумында «Еліміздің инновациялық дамуына менің қосқан нақты үлесім» атты студенттік әлеуметтік маңызы бар инновациялық жобалар байқауына «Археология және этнология» мамандығының 2 курс студенті Ғалымжан Нұрназар қатысты 

Ары қарай оқу >>

Этнолог клубының ұйымдастыруымен «Салтың-санаң, дәстүрің-дәулетің, ғұрпың-ғұмырың» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді

18.11.2019

Этнолог клубы халықтың салт-дәстүрін насихаттап ұрпақ  бойына сіңіру мақсатында «Салтың-санаң, дәстүрің-дәулетің, ғұрпың-ғұмырың» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Студенттер арасында қазақтың салт-дәстүрлері, наным-сенімдері туралы сұрақтар қойылып, қазақтың дәстүрлі әндері айтылды. 

Ары қарай оқу >>

«Ортағасырлық Қазақстанның архитектуралық құрылыстары» тақырыбында дөңгелек үстел

09.11.2019

2019 жылы 9 қарашада «Ортағасырлық Қазақстанның архитектуралық құрылыстары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға «Археология және этнология» мамандығының 4 курс студенттері қатысты.

Ары қарай оқу >>

Тарих, археология және этнология факультетінің бағыт бағдар беру жұмысы

05.11.2019

5 қарашада тарих, археология және этнология факультетінің бағыт бағдар беру жұмысына жауаптылары: Ахметжанова А.Т., Сеилбекова М.Б., Жүнісбаева А.А. Тараз қаласының 10-11 сынып оқушылары үшін ҚазҰУ кампусы бойынша экскурсия жүргізді.

Ары қарай оқу >>

Тарих археология және этнология факультетінің №10 жатақханасында «Мамандығым мақтанышым!» тақырыбында кездесу өтті.

05.11.2019

Студенттердің өз мамандығығына деген қызығушылығын оятып, мамандықтың мүмкіндігі мен ғылымдағы жетістіктерді көрсету мақсатында «Мамандығым – мақтанышым!» тақырыбында Археология, этнология және музеология кафедрасының профессорларымен және оқытушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Археология, этнология және музеолгия кафедрасының меңгерушісі Ғ.Қ.Омаров профессорлар Ә.Т.Төлеубаев, М.Е.Елеуов сынды ғалымдардың ғылымдағы дара жолдары  студенттердің қызығушылығын туғызды. Кездесу соңы керемет кешке ұласып, ән шырқалды, кітаптар тарту етілді.

Ары қарай оқу >>

Жалын байқауы

01.11.2019

1 қарашада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Жалын фестивалі өтті. «Заманауи би» категориясы бойынша 1 орынды тарих факультетінің қатысушылары иеленді. Қатысушылардың ішінен «Археология және этнология» мамандығының 2 курс студенті Даулетжанова Арайлым көзге түсті.

Ары қарай оқу >>

«Менің Кіші Отаным» жас тарихшылар республикалық интеллектуалдық конкурсы

01.11.2019

1-3 қараша аралығында тарих, археология және этнология факультеті «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе отырып мектеп оқушылары арасында «Менің Кіші Отаным» жас тарихшылар республикалық интеллектуалдық конкурсын өткізді. Конкурсқа Қазақстанның барлық облыстарынан жиналған оқушылар қатысты.

1 қараша күні іс-шараның ашылу салтанаты мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кампусы бойынша оқушыларға экскурсия жүргізіліп, Жалын фестиваліне қатысып, студенттердің өнерін тамашалады;

Келесі күні оқушылар, тест тапсырып, төрт секция бойынша Менің Кіші Отанымның тарихы, символдары, болашағы тақырыптарында презентация қорғап, эссе жазды. Оқушылардың дайындық деңгейі өте жоғары деңгейді болды. «Менің Кіші Отанымның болашағы» секциясында қолдан жасалған макеттердің дизайны мен қатысушылар қиялдарының ұшқырлығы таң қалдарды.

3 қараша күні жеңімпаздарды марапаттау  және сайыстың салтанатты жабылуы өтті.

Ары қарай оқу >>

«Қазақстан тарихы» әдістемелік журналының және «Бала тәрбиесі» журналының бас редакторы Тамара Оразханқызы Әзімхановамен кездесу

31.10.2019

Этнолог клубы егемен елдің жастарын отаншылдық рухта тәрбиелеу мақсатында «Халықтық педагогика – ұлттық тәрбие құралы» тақырыбында «Қазақстан тарихы» әдістемелік журналының және «Бала тәрбиесі» журналының бас редакторы Тамара Оразханқызы Әзімхановамен кездесу өткізеді. Кездесуге «Қазақстан тарихы» әдістемелік журналының алқа мүшесі, т.ғ.к., доцент Қ.Қ. Кунапина, т.ғ.к., аға оқытушы Е.М.Тұрғымбаев қатысты. Кездесуде халықтық педагогикадағы бала дәрбиесіне байланыстты қалыптасқан салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар сөз болды. 

Ары қарай оқу >>