Іс-шаралар күнтізбесі

БАО-ға саяхат

29.09.2019

29 қыркүйек күні салауатты өмір салтын қолдау мақсатында «Археология және этнология» мамандығының 2 курс студенттерімен Үлкен Алматы өзеніне саяхат ұйымдастырылды.

Ары қарай оқу >>

Археология,этнология және музеология кафедрасының студенттері Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында Жәнібек Кәрменовтың 70 жылдығына арналған кеште.

27.09.2019

Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында 27 қыркүйек күні Жәнібек Карменовтың 70 жылдығына арналған «Үнің кетпес құлақтан...» атты әдеби-сазды шығармашылық кеші өтті Аталмыш іс-шараға факультетіміздің "Музей ісі және ескерткіштерді қорғау" мамандығының 2 курс студенттері мен археология, этнология және музеология кафедрасының профессор м.а., т.ғ.д., А.Б.Қалыш қатысып, әсерлі кештің куәгерлері болып қайтты.

Ары қарай оқу >>

"Д.А. Қонаев Жолы"

26.09.2019

Д. А. Қонаев қызметкері Е. Тәшкенбаевтың «Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығының 3-курс студенттеріне өткізген

«Д.А. Қонаев жолы» атты дәрісі.

Ары қарай оқу >>

Археология, этнология және музеология кафедрасының студенттері Алматы қаласы мұражайындағы "Мұражайдағы түн" атты іс-шараға қатысты

20.09.2019

20 қыркүйек 2019 жылы 19:00 әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Археология, этнология және музеология кафедрасы, Тарих, археология және этнология факультетінің 1 және 2 курс студенттері Алматы Музейінде «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы, «Ұлы даланың жеті қыры» атты Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтың мақаласы аясында өткізілген «Музей түні» атты іс-шараға қатысты. Іс-шара аясында студенттер музейдің экспозицияларымен танысып, шарықта саздан жасалатын ыдыс, сонымен бірге, бейнелеу өнерінің түрлі әдістері және т.б. мастер-класстар өткізілді.

Ары қарай оқу >>

«Музей түні-2019»

20.09.2019

«Археология және этнология» мамандығының 2 курс студенттері Нұрғали Несипбай мен Демесін Балғынбек ҚР Мемлекеттік орталық музейі ұйымдастырған «Музей түні-2019» іс-шарасына белсенді қатысты.

Ары қарай оқу >>