Іс-шаралар күнтізбесі

Этнолог клубының ұйымдастыруымен Тұңғыш Президент күніне және Тәуелсіздік мерекесіне орай «Елбасы еңселеткен Елорда», «Тәуелсіздік-тұғырым» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды.

12.12.2019

Этнолог клубы Тұңғыш Президент күніне және Тәуелсіздік мерекесіне орай «Елбасы еңселеткен Елорда», «Тәуелсіздік-тұғырым» тақырыбында іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара барысында Елбасының Елдорданы қалыптастырудағы еңбегі туралы баяндама оқылды. Тәуелсіздік мерекесіне кеш соны «Қара бауыр қасқалдақ», «Желтоқсан желі» сынды әндер айтылды.

Ары қарай оқу >>

Магистранттар педагогикалық іс-тәжірибеден өтуде

29.11.2019

Педагогикалық практика аясында «Археология және этнология» мамандығының 2 курс магистранттары Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Нұржанов Арнабай Әбішұлымен «Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан» атты тақырыпта дәріс сабағын ұйымдастырды. Шараға «Археология және этнология» мамандығының студенттері мен магистранттары қатысты. Арнабай Әбішұлы студенттерге Ұлы Жібек жолындағы қалалар мен сауда керуендері, еліміздегі ортағасырлық сәулет ескерткіштері туралы археологиялық экспедиция нәтижелері бойынша мағлұматтар берді.

Ары қарай оқу >>

«Мен жастарға сенемін» республикалық жастар форумы

21.11.2019

«Мен жастарға сенемін» республикалық жастар форумында «Еліміздің инновациялық дамуына менің қосқан нақты үлесім» атты студенттік әлеуметтік маңызы бар инновациялық жобалар байқауына «Археология және этнология» мамандығының  3 курс студенті Нұртай Күнбек қатысты.

Ары қарай оқу >>

«Рухани жаңғыру: ұлттық құндылықтар жалпыадамзаттық құндылықтардың бастауы» атты халықаралық конференция

21.11.2019

«Археология және этнология» мамандығының студенті Бірлесбек Саягүл «Рухани жаңғыру: ұлттық құндылықтардың жалпыадамзаттық құндылықтардың бастауы» атты халықаралық конференцияға қатысты 

Ары қарай оқу >>