Іс-шаралар күнтізбесі

«Археология және этнология» мамандығы бойынша республикалық студенттік пәндік олимпиадасы

26.03.2020

2020 жылдың 26-27 наурызында қашықтықтан «Археология және этнология» мамандығы бойынша  республикалық студенттік пәндік олимпиадасының 2 кезеңі өтті.

Олимпиада комиссиясы құрамында «Археология және этнология» білім беру бағдарламасы бойынша Ә.Х. Марғұлан ат. Археология институтының жұмыс берушілері және эксперттері де болды.

Олимпиаданың қорытындысы:

І жүлделі орын

 Л.Н. Гумилев атындығы Еуразия ұлттық университетінің командасы. Команда мүшелері: «5В020800 – Археология және этнология» мамандығының студенттері: Каримбаева З., Бейбит А., Қуандықова Г., Қайырғазина А. Жетекшісі – т.ғ.к., доцент Хабдулина Марал Калымжановна.

 

ІІ жүлделі орын

1 Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің командасы. Команда мүшелері «5В020800 – Археология және этнология» мамандығының студенттері: Үмітқалиев Д., Каримов А., Абдрахманова А., Курманбаева А. Жетекшісі – аға оқытушы Амиров Ерлан Шарефович.

2 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің командасы.  Команда мүшелері «5В020800 – Археология және этнология» мамандығының студенттері: Ғалымжан Н., Серікұлы Е., Демесін Б., Бадамбай Ж. Жетекшісі – аға оқытушы Сагындыкова Сымбат Темиргалиевна.

 

ІІІ жүлделі орын     

1 Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің командасы. Команда мүшелері «5В020300-Тарих» мамандығының студенттері: Мәлік Н., Исмайлов А., Шәкір С., Әбетай Э. Жетекшісі – Сыздықов Бақдәулет.

2 Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің командасы. Команда мүшелері «5В020800 – Археология және этнология» және «5В020300-Тарих» мамандығының студенттері: Сәбитұлы Е., Есімахан Ф., Әлибай Б., Жүсіпназар М. Жетекшісі – PhD Тәжекеев Әзілхан Әуезханұлы.

3 Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті командасы.  Команда мүшелері «5В011400-Тарих» мамандығының студенттері: Төлегенова М., Қасымхан А., Самирова Д. Жетекшілері – т.ғ.к., профессор м.а. Исаева А. И., аға оқытушы Абдиханова А.

Ары қарай оқу >>

Этнолог клубы 1-наурыз алғыс айту күніне орай «Алғыс айту – парызым!» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді

02.03.2020

Этнолог клубы 1-наурыз алғыс айту күніне орай «Алғыс айту – парызым!» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Сабақтың мақсаты, студенттерге үлкенге құрмет, кішіге ізет етіп, алғыс айтудың маңыздылығын ұғындыру.

Ары қарай оқу >>

Этнолог клубының жетекшісі, аға оқытушы Г.А.Кабдолдинаның ұйымдастыруымен А.Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай «Әнді сүйсең менше сүй» тақырыбындағы ән кеші

19.02.2020

Этнолог клубы Ұлы ойшыл, ағартушы А. Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына қарсаңында бай мұрасын насихаттап ұрпақ бойына дарыту мақсатында Құнанбай қажының шөпшегі Ысқақова Нұргүл Әлішерқызын кездесуге шақырды. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық косерваториясы, Халық әні кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Күзеубай Амангелді Ұзақбайұлы шәкірттерімен және Алатау дәстүрлі өнер театрының артисі артисі, Халықаралық, Республикалық конкурстардың лауреаты, дәстүлі әнші Исаев Санат Ауғанбайұлы Абай әндерін шырқады. Ұлағатты әңгіме айтылып, әсем ін шырқалған керемет кеш болды. 

Ары қарай оқу >>

Археология, этнология және музейтану кафедрасы жұмыс берушілермен кездесу өткізді

27.01.2020

27.01.2020 жылы Археология, этнология және музеология кафедрасы Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтының жұмыс берушілерімен "Археология және этнология" мамандығының оқу бағдарламасына ұсыныстар енгізу туралы кездесу ұйымдастырды

Ары қарай оқу >>