АЛМАТЫДА III ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ДҮНИЕСІ ДЕРЕКТІ ФИЛЬМДЕР ФЕСТИВАЛІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ ӨТЕДІ

2018 жылдың 16 қарашада Алматыда III Халықаралық Түркі дүниесі деректі фильмдер фестивалінің қазақстандық бағдарламасы өтеді. Іс-шара ұйымдастырушылары Түркі әлемінің журналистер федерациясы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. 

Биыл кинофестиваль сегіз қатысушы елдің жетекші серіктес университеттерінде өткізіледі, оның ашылуы қазан айының басында Стамбұл университетінде өтті. Бұл шара түркітілдес елдер үшін үлкен әлеуметтік және мәдени маңызға ие. Кинофестивалде Түркия, Қазақстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Кипр, Өзбекстан және Ресейдің (Башқұртстан және Татарстан) үздік шығармалары таныстырылды. Фильмдер қазіргі әлеуметтік, мәдени, рухани және қоғамдық маңызы зор тақырыптарға, сондай-ақ жастарды тәрбиелеуге арналған. 

Сонымен қатар, іс-шара аясында жақында Түркияда (Османия) өткен фестивалдің «Түркі анасы» атты деректі фильмдерінің көрсетілімі ұсынылады. Фильм кейіпкерлері сегіз түркі елі, соның ішінде Қазақстанның аналары. 

Іс-шараға Түркі әлемі журналистер федерациясының президенті Мендерес Дэмир, Түркия журналистер федерациясының президенті Йылмаз Караджа және басқа да шетелдік қонақтар, деректі фильм түсірушілері мен кинорежиссерлер, қоғамдық және БАҚ өкілдері, университет студенттері қатысады. 

Сіздерді кинофестивалге қатысуға шақырамыз және ақпараттық қолдауларыңыз үшін ризашылығымызды білдіреміз.

Басылым күні :  05.02.2019