МАҢЫЗДЫ МИССИЯ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері DEPO Evolution Park үлгісімен Қазақстанның барлық қалаларында жастарды қолдау бойынша арнайы орталықтарды құруды ұсынды. Бұл орталықтар Алматының орталығында Әуезов және Наурызбай аудандарында бұрынғы трамвай депосының орнында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ашылған. Мұндай ұсыныс ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Сергей Коноваловтың ҚазҰУ студенттерімен кездесуі барысында айтылды.  

Кампустың инфрақұрылымымен танысу барысында вице-министр университеттің соңғы және жаңа цифрлық инновацияларын атап өтті. Айта кету керек, ҚазҰУ оқу үдерісінде және жалпы университеттің қызметін басқаруда көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартатын цифрлік технологиялар енгізген. Бұл өз кезегінде университеттегі білім беру жүйесінің барлық ұстанымдары бойынша және әлемдегі беделді рейтингке ие үздік ЖОО-лар арасында алға жылжуда оң ықпал етеді.

Кампус тур барысында вице-министр жағдаяттық басқарма орталығының жұмысымен танысты. ҚазҰУ-дың стратегиялық серіктесі Microsoft пен бірлесе университет «Microsoft Power BI» бизнестің сараптамалық талдауларының бұлттық сервисін енгізген. Компания университеттің қазіргі заманауи ақпараттық технологияларды дамыту мен оны кеңінен пайдалануын жоғары бағалап, бұл туралы бейнефильм түсіріп ресми сайттарына жариялаған болатын.

ЖБО, «Керемет» СҚКО, әл-Фараби кітапханасы және «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесін аралаған вице-министр Сергей Коновалов студенттермен кездесіп, «Келесі жылды Мемлекет басшысы Жастар жылы деп жариялағанын еске салды. Осыған байланысты Министрліктің және бүкіл қоғам алдында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауында қойылған міндеттерді жүзеге асыруда көп еңбекті талап ететін үлкен жұмыс күтіп тұр», - деді вице-министр. Кездесу барысында бағдарламалар мен жастар саясатын дамыту бойынша оң нәтижелерге қол жеткізуде көптеген мәселелер көтеріліп, талқыға салынды.

Басылым күні :  05.02.2019