ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде гендерлік теңдік және әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетуге қарсы күрес жөніндегі БҰҰ-ның бас директоры Антониу Гутерриштің бастамаларын қолдау мақсатында дөңгелек үстел өтті

2018 жылдың 27 қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде БҰҰ-ның бас директоры Антониу Гутерриштің гендерлік теңдік және әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетілуіне қарсы күрес жөніндегі бастамаларын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның ұйымдастырушысы ретінде БҰҰ-ның Қазақстандағы қоғамдық ақпарат департаментінің, Пан Ги Мун атындағы Тұрақты даму институтының, UNAI бағдарламасы, ЮНЕСКО тұрақты даму және БАҚ бойынша ЮНЕСКО кафедрасының қолдауымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Әйелдер Одағы болды.

Іс-шараны ашқан БҰҰ-ның Қазақстандағы қоғамдық ақпарат департаментінің өкілі Властимил Самек БҰҰ-ның гендерлік теңдік және әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетуге қарсы күрес жөніндегі бастамалары туралы әңгімеледі. 1999 жылы 17 желтоқсанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 25 қараша Халықаралық әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетуді жою күні ретінде жариялады. Сондай-ақ, БҰҰ жариялаған 25-қараша – Халықаралық әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетуді жою күнін әлемдік қоғамдастық қалай атап өтетінін айтты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі Пан Ги Мун атындағы Тұрақты даму институтының өкілі Абазов Рафис өз баяндамасында гендерлік теңдікті насихаттаудағы университеттердің рөліне назар аударды. Спикер гендерлік теңдік және әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетуге қарсы іс-қимыл саласындағы БҰҰ-ның бастамаларын алға жылжытуда және оны қолдауда, университеттер маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Бұл, әр мемлекетте университеттердің жастарды тәрбиелеудегі негізгі ошақ көзі ретінде, қоғамдағы интеллектуалдық ойлау орталықтары ретінде қалыптасуымен байланысты .

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әйелдер одағының төрағасы, филология ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Жолдасбекова Баян Өмірбекқызы ҚазҰУ Әйелдер одағының студенттер мен оқытушылар арасында гендерлік теңдікті насихаттау және қыздар арасында кәсіптік бағдар беру бойынша жасалған жұмыс туралы әңгімеледі. Университеттегі әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін толық қолдайтын Әйелдер одағы көптеген жылдар бойы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қоғамдық ұйым ретінде жұмыс істеп келеді. Мамандықты дұрыс таңдау жас әйелдердің қоғамда өз орнын табуға мүмкіндік береді, сол себепті Баян Өмірбекқызы БҰҰ-ның бас директоры Антониу Гуттерриштің бастамалары әлемнің жоғары оқу орындары мен Қазақстанның жоғары оқу орындарында толық қолдау табатынын атап өтті.

Тұрақты даму жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі Базарбаева Тұрсынкүл Амангелдіқызы және ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының меңгерушісі Шыңғысова Назгүл Тұрсынбаевна әйелдер мен қыздардың ғылымға толық қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін және гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, әйелдер мен қыздардың мүмкіндіктерін кеңейту бойынша кафедраларының жұмыстары туралы әңгімеледі. 11 ақпан Ғылымдағы Халықаралық әйелдер мен қыздар күні деп жарияланғаны туралы Бас Ассамблея қаулы қабылдағанын атап өтті.

Дөңгелек үстелдің қорытынды бөлімінде ҚазҰУ Әйелдер одағының негізгі міндеттерін және оларды жүзеге асыру жолдары талқыланды, сонымен қатар ҚазҰУ Әйелдер Одағының жұмысына бағдарланған критерийлері ұсынылды.

Басылым күні :  05.02.2019