КІТАП - АЛТЫН ҚАЗЫНА

Желтоқсанның 1 жұлдызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Саясаттанушы» пікірталас клубының ұйымдастыруымен «Жүз кітап» жобасының аясында кездесу өтті. Қалалық кафелердің бірінде  өткен аталмыш шарада әдеби сауалнама ретінде ойындар жүргізіліп, жеңімпаздарға сыйлықтар тарту етілді. Сонымен қатар қатысушылар өздерінің сүйікті кітаптарымен бөлісті

«Саясаттанушы» пікірталас клубының мүшесі магистрант Айгерім Жунусова өзінің «Ұшқыштардың иесі» атты оқыған романы туралы әңгімелеп берді. Сондай-ақ саяси ғылымдар бөлімінің түлегі Сырым Итқұлов  М.Фуконың «Классикалық дәуірдегі қиянат тарихын» жиналған көпшілік қауымның назарына ұсынса, 1 курс студенті Дилярам Хамитова Д.Остиннің «Мақтаныш пен алалаушылықты» атты кітабын әңгімелеп берді. Сондай-ақ кездесуге Қазақ-Неміс университетінің студенті Островскийдің «Болат қалай шайылып кеткен» деген  кітабымен таныстырды.

Іс-шараға қатысқан студенттер достық атмосферада кітаптарды талқылап ерекше көңіл-күйде болды. Осы орайда «Саясаттанушы» клубы қызықты тақырыптық іс-шараларды жалғастыруға дайын, ұсыныстары үшін ашық және де болашақ кездесулерге шақырамыз. Өйткені кітап оқу ол адамның санасын ғажайып көкжиекке көтеріп, рухани азық болары ақиқат.

Басылым күні :  05.02.2019