«ҚАЗАҚСТАНДА КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІ: ОСАЛДЫҒЫ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ» ТАҚЫРЫБЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 қазан күні "әл-Фараби" кітапханасында «Қазақстанда климаттың өзгеруі: осалдығы және тұрақтылығы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің жұмысына Қазақстан Республикасындағы Францияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Жоғары мәртебелі Филипп Мартинэ мырза және климаттың өзгеруі саласында мамандар (РМК «Казгидромет», ЖШС «География институты», академик У.М. Султангазин атындағы Ғарыштық зерттеулер институты) және метеорология және гидрология кафедрасының ғалымдары мен студенттері қатысты.

Университет ректоры, академик Ғ.М. Мұтанов алғашқы құттықтау сөзінде дөңгелек үстел тақырыбының өзектілігін атап кетіп және Жер беті атмосферасы температурасының жоғарылауын алдын-алу бойынша Халықаралық күштерді белсенді қолдануы үшін Франция Республикасына үлкен алғысын білдірді.

Қазақстан Республикасындағы Францияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Жоғары мәртебелі Филипп Мартинэ мырза өзінің баяндамасында Францияның тартымтылығы, талқыланып жатқан тақырыптың маңыздылығы, сонымен қатар, климаттың өзгеру саласында студенттердің академиялық ұтқырлық шегінде алмасу мүмкіндіктері жайлы атап кетті.

Дөңгелек үстел барысында мамандар Қазақстанда климаттың өзгеруінің заманауи тенденциялары, қауіпті факторлары мен оларға тұрақтылықты жоғарлату шараларын талқылады.

Жиын қорытындысы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының сапасын жоғарылату үшін халықаралық ынтымақтастықты дамыту, идеялармен алмасу, бірлескен ғылыми жобаларға қатысу және Қазақ ұлттық университеті негізінде «Қазақстан-Франция» ғылыми-техникалық орталық құру ұсынылды.

Басылым күні :  04.02.2019