АЙНАЛАҢДЫ НҰРЛАНДЫР ЖОБАСЫ АЯСЫНДА

22 қыркүйек 2019 жылы «заң саласындағы мамандықтың» 2 курс студенттері куратор-эдвайзерлері Роза Ережепқызы жетекшілігімен № 9 студенттер үйінде «Айналанды нұрландыр» жобасы аясында, Қазақстан Республикасының тілдер мерекесіне арналған «Тілім – менің тірегім» тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Студенттер тілді дамыту мәселесіне арналған баяндамалар оқып, әртүрлі халықтардың тілдері туралы қызықты фактілер келтірді. Патриоттық өлендер айтып, мақал-мәтелдер сайысын өткізді. 

Басылым күні :  29.01.2019