МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ФЛЕШМОБ – ҚАЗҰУ-ҒА 85 ЖЫЛ

15 қаңтарда 7 мыңнан астам студент пен түлек әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Мәңгілік ел қақпасы алдына жиналып, университеттің 85 жылдығына арналған флешмоб өткізді.

Флешмобқа қатысушылар «ҚазҰУ 85» деген жазу құрды. ҚазҰУ-дың Жастар ұйымдары комитетінің басшысы Нұрсұлтан Бекқайровтың айтуынша, флешмоб – бұл туған университетке деген құрмет пен құттықтаудың бір көрінісі.

Ауқымды әрі салтанатты шара әр жылдары университеттен білім алған түлектерді де бей-жай қалдырмады. Олар өздерінің естеліктерімен, әсерлерімен бөлісті, барша жиналған қауымды мерейтоймен құттықтап, университетке жаңа белестер мен биіктерден көріне беруді тіледі. Мерекелік флешмоб студенттердің концерттік бағдарламасымен аяқталды.

Басылым күні :  29.01.2019