Мамандығым- мақтанышым!

Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының оқытушылары 10.01.2017 жылы Алматы қаласындағы «Білім Инновация Лицейі» қыз балалар лицейінде «Мамандығым- мақтанышым!» тақырыбында мамандық таңдау бағытындағы тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағаты барысында з.ғ.д., профессор Е.Ш.Рахметов мамандық таңдаудың мақсаттары, ерекшеліктері жайлы өз ойлары мен өмірлік тәжрибесімен бөлісті. Сондай-ақ жоғары сынып оқушыларына әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ-нің еліміздің экономикасы мен қоғамдық өміріне мамандар даярлаудағы маңызы, университеттегі мамандықтар жайлы жан-жақты ақпараттар берілді.

Басылым күні :  16.01.2017