ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған монографияның тараулары талқыланды.

5 қазан 2021 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасында «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің қалыптасуы мен дамуына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдарының қосқан үлесі» тақырыбында кафедра мәжілісі өтті. Мәжілісте ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған монографияның тараулары талқыланды. Келесідей тарауларды талдау жоспарланды: қаржылық-құқықтық; экологиялық-құқықтық; кедендік. Мұнда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заңгер ғалымдарының республиканың құқық теориясы мен нормативтік-құқықтық базасының қаыптасуына қосқан үлесі қарастырылады. Монографияны жариялау 2021 жылдың желтоқсанына жоспарлануда.

Басылым күні :  21.11.2021