«Қазақ тілі тарихы және Рухани жаңғыру негіздері»

03.11.2017 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақ тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақ тіл білімінің дамуына зор үлес қосқан көрнекті түркітанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор М.Т.Томановтың туғанына 85 жыл толуына арналған «ҚАЗАҚ ТІЛІ ТАРИХЫ ЖӘНЕ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ НЕГІЗДЕРІ»  атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті. Конференция мақсаты  қазақ тілінің тарихы мен түркітану мәселелерінің ғылыми-теориялық негіздерін жүйелеу, қоғамның рухани жаңғыруы үшін, тілдегі рухани кодтарды саралап,  тілдік білім берудің әлемдік үздік тәжірибелерін жинақтау болды. Сонымен қатар бұл шара ұлттық сананың рухани жаңғыруының өзегі ретінде қазақ тілінің даму бағыттарын, академиялық және кәсіби негізде оқытылу мазмұнын айқындау, озық инновациялық технологияларды қолдану және түркітанудың өзекті мәселелерін талқылау міндеттерін шешуді көздеді.

Конференция мынадай бағыттарды қамтыды:

  1. Профессор М. Томанов және қазақ тілінің тарихи грамматикасы;
  2. Профессор М. Томанов және түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасының қазіргі даму бағыттары; 
  3.  Үштілділік жағдайында қазақ тілін оқытудың инновациялық бағыттары;
  4. Тіл және мәдениет: рухани құндылықтардың жаңғыруы;
  5.  Қазіргі қазақ тілінің өзекті мәселелері.

Басылым күні :  10.04.2018