8D02307 – Қазақ филологиясы

  • 8D02307 – Қазақ филологиясы

Дайындық бағыты

8D023 – ТІЛДЕР ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ

Білім саласы

8D023 – ТІЛДЕР ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ

Бағдарлама атауы

«8D02307 – Қазақ филологиясы»

Мақсаты

 

Бағдарлама ғылыми-зерттеу, педагогикалық, ұйымдастыру-басқару; мәдени-ағартушылық;- сараптама-аналитикалық қызметінде зерттеу нысанын жүйелі түрде меңгерген,   филология ғылымы бағытында заманауи әдістерді игеріп және оны нақты мақсаттарда қолдана алатын,   эксперименттік тәжірибелер жүргізе   алатын, өзекті, сұранысқа ие филология және осы саламен шектесетін ғылым салаларындағы проблемалар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізетін    маман тұлғасын қалыптастыруға бағытталған.

Оқу нәтижелері

ON1 Ғылыми-зерттеу ордаларында, тіл мен әдебиетті дамыту институттарында, білім беру орындарында қазақ филологиясы саласындағы (тіл білімі, әдебиет тарихы, әдебиет теориясы, өзекті филологиялық бағыттарды, заманауи әдіс тәсілдердің, даму үрдістері мен басым бағыттардың теориялық-әдістемелік қағидаларын, ұғымдық терминологиялық аппаратын) заманауи ғылыми парадигмалар аясында жүйелі білім таныту.

ON2 Мемлекеттік білім беру басқармасында (БжҒМ, мәдениет министрлігінде, мәдениет, ғылыми, ескерткіштерді қорғау, білім беру салаларында, білім беру департаменттерінде) қазақ филологиясындағы үрдістер, әдіс тәсілдер, проблемалар, жаңа, келелі идеяларға сыни тұрғыда талдау жүргізіп, бағалау және синтездеу. Таным нәтижелерін жаңа білім алудың жолы ретінде бірегейлендіру. Бұл бағыттағы игерген білімдерінің негізінде өзіндік пайымдауларын   (ғылыми мақала, баяндама, тезис және басқа да күрделі ғылыми жанрлар түрінде) ғылыми негіздеу.

ON3 Сараптама-аналитикалық және ғылыми зерттеу орталықтарында қазақ филологиясындағы қазіргі заманауи ғылыми парадигмалар мен зерттеу технологияларын қолдана отырып, ерекше нәтижені қамтамасыз ететін ғылыми зерттеулердің кешенді үдерісін өз бетінше жоспарлай алу, жүзеге асыру. Ғылыми есеп дайындау.

ON4 ЖОО-да оқытушылық қызметте, ғылыми жетекшілік жасау барысында қазақ филологиясы бойынша зерттеудің адекватты әдістемелік бағытын таңдау, оларға сыни тұрғыда баға беріп, заманауи ғылыми жетістіктер мен ғылыми технологияларды білім беру үдерісі мен өзін-өзі дамытуда қолдану.

ON5 ЖОО-дағы бакалавр және магистратура деңгейінде   білім алушылардың ғылыми дағдыларының іргесін қалыптастыру мақсатында қазақ филологиясы саласында ғылыми конференцияларға ұсынылатын және әрі қарай диплом, магистрлік диссертацияға ұласатын өзекті, сұранысқа ие, проблемалық мәселелерді болжап, ғылыми зерттеудің перспективалық бағыттары мен әдістерін үйретіп, ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлау барысында жетекшілік жасау.

ON6 Ғылыми таным әдіснамасы негізінде, кәсіби қызметінде зерттеудің тәжірибелік және теоретикалық әдістерін қолдана отырып белсенді теориялық және ғылыми-практикалық ізденістер жасау

 

ON7 Филология және оған жапсарлас ғылым салаларының әдістемелік және концептуалдық аппаратын қолдана отырып, күрделілік деңгейі әртүрлі, қалыптан тыс міндеттерді кәсіби деңгейде шешімін табу. Филологиядағы білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнын жобалау, модельдеу; білім беру бағдарламаларын жасау, оларды әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету; ғылыми жобалар ұсыну.

ON8 Филология және гуманитарлық білім саласындағы жаңа басым бағыттар мен үрдістерді, проблемалар мен, қазіргі теорияларды сараптау, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін сыни бағалау. Оқулықтарды сараптау орталықтарында, аккредиттеу компанияларында оқулық, оқу құралдарын, әдістемелік құралдардың, ғылыми жобалардың, білім беру бағдарламаларының өзектілігін, ғылыми бағытқа сәйкестігін,   практикалық маңыздылығын сараптай алу. Сараптама қорытындысын жазу.

ON9 Ғылыми-зерттеу, педагогикалық қызмет салаларында қазақ   филологиясы бойынша ғылыми мәселелердің шешімін тауып және жаңа гипотезаларды ұсына алу, жаңа және күрделі идеяларды өз бетінше, жаңаша генерациялау.

ON10 Оқу-білім беру, зерттеу міндеттерінің шешімін табу үшін пәнаралық және филологиялық білімді   түрлендіре қолдану; тіл мен мәдениет байланысын халықтық таным негізінде талдау; тіл мен діл, тіл мен мәдениет арасындағы тығыз қатынастың негіздерін ғылыми зерделеу және ұлттық кодтың маңызын, тілмен тарихи байланысын ғылыми-теориялық және практикалық тұрғыда меңгеріп, қазақ мәдениеті - әлемдік мәдениет, қазіргі тіл саясатының өзекті мәселелерін саралап когнитологиялық және аксиологиялық талдаулар жасау.

ON11 Қазақ   филологиясы саласындағы өзекті мәселелердің шешімін табу үшін өзімен мәртебесі тең келетін ғылыми қауымдастықпен араласу, танылу. Мемлекеттік басқару органдарында, өкілеттік органдарда баспасөз хатшысы қызметінде жоғары деңгейлік академиялық дағдыларын қолдана отырып шаршы топта сөйлеуді жоспарлау және жүзеге асыру. БАҚ құралдарына, мықты ғылыми басылымдарға баяндама, мақала әзірлеу.

ON12 Білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес келетін, өзектілігі, ғылыми жаңалық дәрежесі жоғары және практикалық маңызға ие, ғылым мен тәжірибенің заманауи теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделген, жаңа ғылыми жетістікке негізделген филология ғылымының көкжиегін кеңейтетін дәрежеде немесе осы салада ғылыми проблеманың шешімі бола алатындай дәрежеде Thomson-Reuters немесе Scopus базасындағы талаптарға сай   мақалалар жариялау және докторлық диссертация жазу.

Оқу түрі

күндізгі

Оқу тілі

Қазақ

Кредит көлемі

180

Берілетін академиялық дәреже

«8D02307 – Қазақ филологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD)

Кадрлар даярлауды жіберуге лицензияға қосымшаның болуы

 

БББ аккредиттеудің болуы

бар

Аккредиттеу ұйымының атауы

ACQUIN

Аккредиттеудің қолданылу мерзімі

27.09.2016-30.09.2022