Академиялық мобильділік және сынақ мерзімін өткізу

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология және әлем тілдері факультеті Қазақ тіл білімі кафедрасына академиялық ұтқырлықпен келген шетелдік студенттермен М.Әуезов атындағы қазақ драма театрына бардық. "Ромео-Джульетта" трагедиясын қазақ тілінде көрген студенттер әртістердің шеберліктеріне, саxнаның безендірілуіне, тіл кедергілеріне қарамастан, ерекше атмосферада болғандарын, бәрі де өте шебер және терең ойластырылғанын айтып, ерекше көңіл-күймен көріп қайтты.

 Оқытушы:ф.ғ.к. Г.Акимбекова