Әлеуметтiк - тәрбиелiк қызмет

 

         

08.04.2020 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да онлайн студенттік бизнес-инкубаторбайқауы өтті. Байқауда кез келген курста оқитын студенттер түрлі мамандығынына қатысы бар тұрлі бизнес идеяларымен бөлісті. Байқау нәтижесінде Филология және әлем тілдері факультетінің Қазақ тіл білімі кафедрасы студеттерінің ұсынған «Qazaq Grammarly» жобасы 3 орынды иемденді. Жобаны құрастырғандар «5В020500-Қазақ филологиясы»мамандығында білім алып жатқан 3 курс студенттері Жанғанаева Фариза мен Бөлек Сұлу. Жобаға кафедра меңгерушісінің орынбасары, PhD доктор Әнесова Үміт жетекшілік етті. жетекшілігіменұсынған жобасы 3 орынды иемденді. Жобаның негізгі – мақсаты еліміздегі сауаттылық деңгейін арттыру, халықтың тілдік құралдарын дұрыс пайдалануға жағдай жасау, сондай-ақ лингвистиканың арнайы салалары бойынша сауатсыздықты азайту.  

Фариза мен Сұлу «Qazaq Grammarly» қосымшасын құрастыруда мынандай пікір айтады: «Технологияның дамуы адам өркениетіне артықшылықтармен қоса кемшіліктер де әкеліп отыр. Дегенмен, заман талабынан қалмау мақсатында, қазағымыз үшін «Сауатты қоғам» қалыптастыруүшін осы жобаны ұсындық. Сауатты жазу әрбір адам үшін маңызды!Қосымша қазақтілінде сауатты жазғысы келетін немесе қазақ тілін үйренгісі келетін адамдарға арналады. Нақтылыққа, сауаттылыққа ұмтылатындар үшін!»

Алдағы уақытта Фариза мен Сұлуға бұл жобаны жетілдіріп, «Qazaq Grammarly» қосымшасын қосып, бизнес идеяларын жүзеге асыруларына тілектеспіз!

   

2020 жылдың 8 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қазақ тіл білімі кафедрасы аясында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқып жатқан шетелдік білім алушылармен «Тіл және мәдениет» атты онлайн ой бөлісу дәрісі өтті. Атап айтқанда, Қытай мемлекеті Орталық ұлттар (МинЗУ) және Венгрияның Сегед университетінен келген жастар ойларын ортаға салды.

Тақырыпқа орай әлем­нің мәдени бейнесі, тіл мен мәдениеттің арақатынасы, мәдениеттер тоғысы, тіл және ұлттық мінез туралы пікірлесіп, халықтың мәдени құндылығын тіл арқылы танытуға негіз болатын басты факторларларды атап көрсетіп, аялық білімдерін толықтыру мақсатында қазақтың бай тілдік қорынан (реалиялар, логоэпистемалар, лакундар, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, т.б.) мысалдар келтірдік.

Кез келген халық өзге тілдің ықпалынан өз тілі мен мәдениетін сақтап қалуға тырысады. Бұл әсіресе тілден бұрын мәдениетке ықпалын көбірек тигізеді. Сондықтан әлемде қазіргі таңда жүріп жатқан «тілдік ғаламдану, мәдени шиеленіс, мәде­ни есең­гіреу, мәдениеттер тартысы» туралы да қызықты пікірталас өрбіді.

Ой бөлісу алаңында МинЗУ-дан келген қандас студенттеріміз академиялық білімдерін тереңдетіп, тіл білімі салалары бойынша білімдерін жетілдіргендерін, мажарстандық магистранттар қазақ тілін үйренуге қызығушылық танытып келгендіктен, қазақ елінің тілі мен мәдениетіне құрметпен қарайтындықтарын үлкен ризашылықпен жеткізді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі Тымболова А.О.

 

 

 

 

 
   

Қазіргі таңда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология және әлем тілдері факультеті Қазақ тіл білімі кафедрасының бакалавр, магистрант және докторанттары тәжірибе өту үшін орта мектепте, ғылыми-зерттеу және қазақ тілін дамыту орталықтарына барады.

Бакалавр студенттері тәжірибе өту үшін, бірлесіп білім және ғылым саласында серіктестікті дамыту мен тығыз байланыс орнату, бірлесе отырып мамандар даярлау мақсатында ынтымақтастық туралы Меморандумды келесі ұйымдармен орнатқан: Ш.Смағұлов атындағы Алматы облыстық дарынды балаларға арналған мамандагндырылған физика-математика орта мектеп-интернаты, М.Базарбаев атындағы №138 гимназия, №53 мектеп-гимназия, №81 мектеп-гимназия, №146 мектеп-лицей, №148 мектеп, Дарынды балаларға арналған №10 Абай атындағы лицей-мектеп, №149 қазақ орта мектебі.

Магистранттар мен докторанттар педагогикалық практикаларын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтеді.

Магистранттар мен докторанттар ғылыми-зерттеу тәжірибесін келесі ұйымдарда өтеді: А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Мемлекеттік тілді дамыту институты.

Соған қоса Қазақ тіл білімі кафедрасының түлектері мамандықтарына сәйкес өздері қалаған оқу орындары, жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары, қазақ тілі орталықтары, баспа мен редакциялар, БАҚ құралдары және т.б. ұйымдарда қызмет ете алады.

Біздің түлектер жұмыс істейтін ұйымдар: Miras ınternational school, Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектеп, М.Базарбаев атындағы №138 гимназия, №175 "Жаңа ғасыр" гимназиясы, Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернат, Sputnik Қазақстан ақпарат агенттігі, «BAYMAN GROUP QAZAQSTAN” компаниясы, , Massaget.kz және т.б.