жетістіктер

  • 2022 ж. 6-8 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінде өткен «Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясында «Әдебиеттанудың өзекті мәселелері» секциясы бойынша Аман Мерей 1-орын алғаны үшін І дәрежелі дипломмен марапатталды.
  •  2022 ж. 6-8 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінде өткен «Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясында «Жас ғалымдар» секциясы бойынша Д. Асанова 1-орын алғаны үшін І дәрежелі дипломмен марапатталды.
  • 2022 ж. 6-8 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінде өткен «Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясында «Қазақ тілі когнитивтік парадигмалары» секциясы бойынша Асқар Алуа 2-орын алғаны үшін ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
  • 2022 ж. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ғылым-білім беру мекемелері арасында "ІV Халықаралық кітап басылымы", "Үздік студент" жобасына қатысқаны үшін Асқар Алуа Қуанышқызы ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
  • 2022 ж. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ғылым-білім беру мекемелері арасында "ІV Халықаралық кітап басылымы", "Үздік студент" жобасына қатысқаны үшін Берікқызы Гүлбану І дәрежелі дипломмен марапатталды.
  • 2022 ж. Білім, ғылым, спорт және мәдениетке қосқан үлесі үшін Қоңырбайқызы Айғаным "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының үздік студенті" төсбелгі медалімен марапатталды.
  • 2021 ж. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ғылым-білім беру мекемелері арасында "ІV Халықаралық кітап басылымы", "Үздік жас ғалымдар - 2021" жобасына қатысушы Мамытова Аяулы Айбекқызы І дәрежелі дипломмен марапатталды.
  • Мамытова Аяулы Айбекқызы 20-21 сәуір 2021 ж. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ғылым мен білімін дамытуға қосқан үлесі үшін " Үздік жас ғалым - 2021 "Наградалық төсбелгі медалімен марапатталды.
  • Нұртай Аружан Нұртайқызы өзінің таланты мен қабілетін көрсете білгені үшін "ТМД-ның үздік жас ғалымы" төсбелгі белгісімен марапатталды.
  • Нұртай Аружан Нұртайқызы ТМД жастары арасында "Үздік жас ғалым" жобасына қатысқаны және өзінің таланты мен қабілетін көрсете білгені үшін дипломмен марапатталды.
  • 2021 ж. Қазақ тіл білімінің көрнекті өкілі, ф.ғ.д., профессор С.М. Исаевтың құрметіне ұйымдастырылған жас ғалымдар арасындағы дәстүрлі «Исаев оқулары» халықаралық ON-LINE конференциясында Н.Б. Сапарова ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды.