ТҰРАҚТЫ ДАМУ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР

  • А. Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасы өткізген ауқымды іс-шаралар тізімі (Сапалы білім беру бағаты бойынша)

1. Кафедра шілде айында Түркияның Стамбул университетінде халықаралық сипозиум ұйымдастырды. Симпозиумның пленарлық мәжілісіне Стамбул университеті ректоры Махмут Ак мырза мен ҚазҰУ ректоры Ж.Қ. Түймебаев қатысып, баяндама жасады. А. Байтұрсынұлының Қазақ университеті» баспасынан жарық көрген 3 томдық таңдамалы шығармаларының таныстырылымы болды. Симпозиумға қатысқан кафедра ғалымдары Ақымет идеяларының өміршеңдігін сөз етті.

2. Тамыз айында ҚазҰУ-дың Ыстықкөлдегі спорт-сауықтыру орталығында халықаралық жазғы мекеп ұйымдастырылды. «А. Байтұрсынұлы зерттеулерінің ғылыми парадигмалары» атты жазғы мектепке кафедра оқытушыларынан басқа Тіл-Қазына Ұлттық ғылыми-әдістемелік орталығының, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының қызметкерлері мен Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің өкілдері қатысып, баяндама жасады.

 

3. 1 қыркүйекте кафедра меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор А. Б. Салқынбай «А.Байтұрсынұлы ізі мен ісі: Қазақ тілінің өзекті мәселелері» тақырыбында көшбасшылық дәріс оқыды.

 

4. 5-10 қыркүйек аралығында А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасы «Ақымет Байтұрсынұлы және тіл тағылымы» атты республикалық форум ұйымдастырды. Бұл форумға докторанттар, магистранттар және студенттер 4 бағыт бойынша қатысып, өзара бақ сынады. Форумның мақсаты – қазақ руханияты тарихындағы ірі тұлға Ақымет Байтұрсынұлының тілтанымдық мұрасын жаңа лингвистикалық теориялар мен ғылыми көзқарастар тұрғысынан түсіну, Ақыметтану ілімін ұғу және Ұлт ұстазының тұжырымдары негізінде қазақ тіл білімінің болашағын зерделеу. Форумда үздік деп танылған қатысушыларға бір реттік шәкіртақы көлемінде ақшалай сыйлық табысталды. Жеңімпаздарды университетіміздің Әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Айдосов Нұржан марапаттады.

 

            5. Қыркүйек айының 7-і күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті кітапханасының төрінде тілтанушы, зерттеуші, ғалым, алаш қайраткері Ақымет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай қазақ филологиясы 201-топтың ұйымдастыруымен «Қазақ руханиятының көсемі» атты әдеби-танымдық кеш өткізілді. Әуелі Алаш ардақтысы Ақымет Байтұрсынұлының өмірбаянына шолу жасалып, студенттер тың ақпараттар мен танымдық түсініктермен бөлісті. Ақымет Байтұрсынұлының шығармашылығы бойынша өлеңдер оқылып, сұрақ-жауап айдары жүргізілді. Алаш азаматының өмір жолынан композициялық көрініс көрсетілді. Бүгіншіл елінің ертеңі үшін ерінбеген ұлт ұстазының рухына тағзым ретінде топ студенттері Айгазинова Гаухар «Өлмейтіндер» әнін әуелете шырқап, Бектұрсын Айдос күмбірлете күй тарту етті. Ұлтқа ұлы тұлға болған алтын айдарлы Алаш азаматының тағылымын тану мақсатындағы өткен іс-шара жоғары деңгейде болды. Куратор Ж. Абитжанова іс-шараны қорытындылап, қатысушыларға алғысын айтты.

 

6. Қыркүйек айының 8-ші жұлдызы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Филология және әлем тілдері» факультетінде қф-401 топ студенттері арасында куратор-эдвайзер, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ж. Абдрахмановамен А.Байтұрсынұлының 150-жылдығына байланысты: «Ұлттың ұлы ұстазы» атты ашық кураторлық сағаты өтті. Іс - шара барысында студенттер "Ұлт ұстазы" және қазақ қоғам қайраткері, "Алаш" партиясының мүшесі, ағартушы, ғалым - лингвист, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын және аудармашы-А.Байтұрсынұлы жайлы таным көкжиектерін кеңейтті.

 

 

7. 2022 жылдың 9 қыркүйегінде Қазақ руханиятының көсемі, ұлт ұстазы, тіл білімінің атасы Ақымет Байтұрсынұлының ЮНЕСКО көлемінде аталып жатқан 150 жылдық мерейтойы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттерінің де назарынан тыс қалмады. А.Байтұрсынұлы атындағы қазақ тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Дәрменқұлова Рая Нұрсұлтанқызы мен қазақ филологиясы мамандығының 303-топ студенттерінің ұйымдастыруымен «АҚЫМЕТ ҰЛЫҚТАҒАН ҰЛЫ ТІЛ» атты әдеби танымдық кеш өткізілді.

с  

8. 10 қыркүйекте. Ұлт ұстазы А. Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай кафедраның лингвистикалық болжау орталығы «Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе, ел тегі қайдан алсын кемеңгерін» атты дөңгелек үстел өткізді. Үйірме жетекшісі – Дина Әлкебаева.

 

9. 14 қыркүйекте Стамбул университетінің профессоры Сапашев Ораз Сапашұлы «Қазіргі қыпшақ тілдері: бүгіні мен болашағы» тақырыбында студенттерге дәріс оқыды.

 

            10. 4 қарашада кафедра ұйымдастырған «Мектептегі қазақ тілі: оқулық және оқу жайы» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинар аясында кафедра оқытушысы ф.ғ.д. О.Жұбайдың «Қазақ тілі оқулықтарында грамматикалық материалдың берілуі» тақырыбында семинары өтті

 

            11. 4 қарашада кафедра ұйымдастырған «Мектептегі қазақ тілі: оқулық және оқу жайы» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинар аясында кафедра оқытушысы магистр Б.Каспиханның «Қазақ тілін оқытудағы IT құралдар» тақырыбында семинары өтті

 

 

12. 7 қарашада кафедра ұйымдастырған «Мектептегі қазақ тілі: оқулық және оқу жайы» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинар аясында кафедра оқытушысы ф.ғ.к. С. Жусанбаеваның «Мәтін негізінде оқытудың мәселелері» тақырыбында семинары өтті

 

 

13. 8 қарашада ф.ғ.д., профессор Б. Сағындықұлының республика көлемінде «Әлем тілдерінің түбі бір» атты көшбасшылық дәрісі ұйымдастырылды.

 

14. 9 қарашада кафедра ұйымдастырған «Мектептегі қазақ тілі: оқулық және оқу жайы» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинар аясында кафедра оқытушысы ф.ғ.к. Қ. Мұхамадидің «Грамматикалық бірліктерді оқыту мәселесі» тақырыбында семинары өтті

 

           15.1 қарашада кафедра ұйымдастырған «Мектептегі қазақ тілі: оқулық және оқу жайы» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинар аясында кафедра оқытушысы ф.ғ.д., профессор А Салқынбайдың «Мектеп оқулығы және Ақымет жолы» тақырыбында семинары өтті

 

            16. 2 қарашада кафедра ұйымдастырған «Мектептегі қазақ тілі: оқулық және оқу жайы» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинар аясында кафедра оқытушысы ф.ғ.к. С.Иманқұлованың «Білім берудің жаңа парадигмасында оқулықтар әзірлеу және оның сапасы» тақырыбында семинары өтті

 

            17. 3 қарашада кафедра ұйымдастырған «Мектептегі қазақ тілі: оқулық және оқу жайы» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинар аясында кафедра оқытушысы ф.ғ.д., профессор Д.Әлкебаеваның «Функционалды грамматиканың қазақ оқулықтарында берілуі» тақырыбында семинары өтті

 

            18. 3 қарашада кафедра ұйымдастырған «Мектептегі қазақ тілі: оқулық және оқу жайы» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинар аясында кафедра оқытушысы ф.ғ.д. А.Алтаеваның «Мектеп оқытушыларын медиасауаттылыққа оқытуда өшпенділік тілінің алдын алу» тақырыбында семинары өтті

 

19. 11 қарашада кафедра ұйымдастырған «Мектептегі қазақ тілі: оқулық және оқу жайы» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинар аясында кафедра оқытушысы ф.ғ.к. Х. Қарабаеваның «Тілдік құзыреттілік: мектеп оқушыларын жоғары білім алуға бағыттау» тақырыбында семинары өтті

 

20. 11 қарашада кафедра ұйымдастырған «Мектептегі қазақ тілі: оқулық және оқу жайы» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинар аясында кафедра оқытушысы ф.ғ.к. К. Күркебаевтың «Рухани және материалдық мәдениеттің қазақ оқулықтарында берілуі» тақырыбында семинары өтті

 

            21. 11 қарашада кафедра ұйымдастырған «Мектептегі қазақ тілі: оқулық және оқу жайы» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинар аясында кафедра оқытушысы ф.ғ.к. доцент Ғ. Иманалиеваның   «Қазақ оқулықтарындағы лексика-грамматикалық тақырыптардың аражігі» тақырыбында семинары өтті

 

            22. 9 қарашада белгілі жазушы, алаштанушы, ф.ғ.д., профессор Тұрсын Жұртбайдың республика көлемінде «Абай жолы: өмірлік және көркемдік шындық» тақырыбында көшбасшылық дәрісі өтті.

 

 

            23. 22 қарашада ф.ғ.д., профессор Т. Жанұзақовтың 95 жылдығына арналған «Түркі ономастикасы:   тарих, таным, тағлым» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн/офлайн конференция өтті.