ӘЛ-ФАРАБИДІҢ 1150 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ТҮЛЕКТЕР КҮНІ

 

Биология және биотехнология факультеті, молекулалық биология және генетика кафедрасының биылғы түлектер кездесуі онлайн форматта ZOOM платформасында өтті. Жиынға кафедра меңгерушісі Жунусбаева Жазира Кабуловна бастаған кафедра ұжымы, аға буыннан жас буынға дейінгі түлектеріміз, сонымен қатар осы 2020 оқу жылының бітіруші түлектері қатысты. Сөз басын кафедра меңгерушісі Жазира Кабуловна Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойымен, және бүгінгі атаулы күн - “Түлектер күнімен” құттықтау сөздерімен бастады. Әрі қарай жиын қатысушылары университетіміздің ректоры Мутанов Ғалымқаир Мутановичтың білімнің қара шаңырағының барлық түлектерін “Түлектер күнімен”, Ұлы ұстаз әл-Фарабидың 1150 жылдық мерейтойымен құттықтау бейне үндеуіне қосылды. Сонымен қатар, түлектерді атаулы күнмен құттықтап Түлектер қауымдастығының президенті, ҚазҰУдың 1981 жылғы түлегі Қайрат Әбдіразақұлы Мәми өз видеоқұттықтауын жолдады. Іс-шарада әрі қарай кафедрамыздың дамуы мен келешегі туралы видеоролик көрсетіліп, құттықтау легі 1975 жылғы кафедрамыздың түлегі б.ғ.к. Калимагамбетов Айткали Мажитович, 2000 жылғы түлектеріміз Чунетова Жанар Жумабековна, Алтынова Назым Калихановна т.б қазіргі таңда ғылымда айтулы жетістіктерге жетіп жүрген түлектерімізде өз құттықтауларын жеткізді. 1990 жылғы кафедрамыздың ең алғашқы түлектерің бірі,қазіргі таңда профессор,академик Бисенбаев Амангелді Куанбаевич тұспа-тұс келіп отырған қос мерекемен видео-құттықтауын жолдады. Кафедрамыздың 2007 жылғы түлегі , мақтанышы әлемдік дүрбелең туғызған COVID-19 пен қарсы күресте тест-жүйе жасап шығаруда тікелей қатысқан Ұлттық биотехнология орталығының Алматы қалалық филиалының директор орынбасары Юрий Скиба да өзінің жүрек жарды тілектерімен бөліскен видеоролигін жолдады. Сонымен қатар әлемнің, еліміздің түкпір түкпірінде өз білімдерін жетілдіріп жүрген, кафедрамыздан түлеп ұшқан түлектеріміздің де видео құттықтауларын қабылдадық. Құттықтау шеруін биылғы 2020 оқу жылының бітіруші жас түлегі Қоныс Камилада өз құттықтауымен толықтырды.

Қара шаңырақтан түлеп ұшқан түлектердің жыл сайын өтетін мерекелік іс-шарасы осы жылы онлайн форматта өткізумен шектелгеніне қарамастан түлектеріміздің бір-біріне ақ тілектерін айтып, өскелең жас буынға өнегелі ақылын жеткізіп, ерекше көңіл-күйде өтті.

Жиын соңында барлық қатысушылар бірге “Армандастар” әнін ерекше толқыныспен шырқады.

Басылым күні :  01.06.2020