Молекулалық биология және генеитика кафедрасының студенттері мен оқытушылары «ҚАЙЫРЫМДЫ ҚОҒАМ» челленджіне өз үлесін қосты

2020 жылдың 28-29 ақпанында, «Қайырымды қоғам» республикалық челлендж аясында мұқтаж жандар үшін заттар жинау ұйымдастырылды. Балалар мен ересектерге арналған киімдер, кітаптар, ойыншықтар жиналды. Заттар «Жылу» әлеуметтік қайырымдылық жобасына жіберілді, ал жобаныц жүзеге асырушылар алынған заттарды әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, балалар үйлеріне және әлеуметтік көмек орталықтарына бағыттады (https://teplocharity.kz/).

Ұйымдастырушылар - кафедра меңгерушісінің орынбасары, куратор-эдвайзер, PhD Ловинская А.В., биология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Шалахметова Г.А., «Биотехнология» мамандығының 2 курс студенттері БТ-50р, БТ-51р, БT-52р.

#alfarabiqaiyrymdyqoǵam#AlFarabiQQ 

 

 

 

 

 

 


Басылым күні :  05.03.2020