Бактериалардың бутанолға бейімделуін зерттеу

2017 жылдың 11- желтоқсанында биология және биотехнология факультетінде биоэнергетика саласындағы жас ғалым PhD Н.В. Бережнойдың «Бактериалардың бутанолға бейімделуін зерттеу» тақырыбында ашық дәрісі өтті. Н.В. Бережной Наньян технологиялық университеті, Сингапур экологиялық инженерия отралығында қызмет атқарады. Кездесу жастарды биоэнергетика саласындағы озық ғылыми жетістіктермен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды. Ашық дәрісті өткізу идеясы Биология және биотехнология мәселелері ғылыми зерттеу институтының директоры, молекулалық биология және генетика кафедрасының профессоры, ҚР ҰҒА академигі А.Қ. Бисенбаевқа тиесілі. Николай Бережной студенттерге халықаралық ғалымдар тобының жұмысы туралы әңгімелеп берді. Бұл ғалымдар эволюция барысында биоотын немесе биоотынның аралық өнімдерінде бактериялардың тіршілік қабілеттілігін жоғарылату мәселесін зерттейді. Осы мақсатта PhD Бережной және оның әріптестері бактериялардың табиғи эволюциясы әдісін жетілдірді. Дәріс жастар арасында үлкен қызығушылық және сұрақтар тудырды. Николай Бережной оларға толық жауап берді.

Семинардың тәлімдік құндылығы орасан зор. Шақырылған сарапшы баламалы энергия көздерін белсенді іздестіру саласында өзекті мәселені зерделеуде. Мұның барлығы соңғы семинарда көрініс тауып, жас ғалымдарға эксперименттер жүргізуге серпін берді және жаңа идеялармен және оларды іске асырудың өзіндік тәсілдерімен қанықтырды.

Іс-шараны ұйымдастырушылар - проф. Бисенбаев А.К., Тайпақова С.М.

Басылым күні :  19.12.2017