«Тәуелсіздік – елдігіміздің тұғыры»
2020 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасының 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күніне орай дінтану және мәдениеттану кафедрасы исламтану мамандығының 1 курс куратор-эдвайзері Е.Әскенұлы студенттермен «Тәуелсіздік – елдігіміздің тұғыры» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында студенттерге Тәуелсіздік күнінің мән-маңызы, тәуелсіздік жолындағы ата-бабалардың ерлігі мен аманаты турасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Исламтану мамандығының 1 курс студенттері Р.Аралбай мен Ж.Сайлау тәуелсіздік күніне арналған презентацияларымен таныстырса, ал Ж.Ахмедов тәуелсіздік күніне арналған өлең-жырларды жатқа оқыды. Исламтану мамандығының 1 курсында оқитын өзге студенттер ұлттық маңызы жоғары қастерлі тәуелсіздік күні жөнінде ой-пікірлерін білдіріп өтті. 






