ӘЛ-ФАРАБИ ІЛІМІНДЕГІ ДІН МЕН ФИЛОСОФИЯ АРА ҚАТЫНАСЫ

ӘЛ-ФАРАБИ ІЛІМІНДЕГІ ДІН МЕН ФИЛОСОФИЯ АРА ҚАТЫНАСЫ

 

2020 жылдың мамыр айының 12 күні сағат 16.00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен «Әл-Фараби мұралары» аясында исламтану мамандығының бірінші курс докторанты, Әл-Фараби орталығының ғылыми қызметкері Хумархан Жанболат «Әл-Фараби іліміндегі дін мен философия ара қатынасына исламтанулық талдау» атты вебинары Microsoft Teams платформасында өтті.

Аталмыш вебинарда Әл-Фараби мұрасындағы дін, пайғамбар, тәңір және солардың аясында қозғалған тақырыптарға исламтанулық терминдер мен ғұламаның еңбектерінде қолданған арабша терминдер негізге ала отырып талдау жасалды. Дін мен философия, пайғамбар мен философ, дін ілімдері мен философиялық ілімдердің ара қатынасы мен ғылымдар классификациясы тұрғысынан олардың орындары, басымдылықтары және өзіндік ерекшеліктеріне назар аудару керек екендігі айтылды.

Вебинарға әл-Фараби орталығының директоры, ф.ғ.к. Б.Б. Мейрбаев, Философия және саясаттану факультеті деканының орынбасары, ф.ғ.к., доцент А.Ө. Өмірбекова, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор А.Д. Құрманалиева, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының ғылыми кеңесінің мүшелері және докторанттар мен магистранттар қатысты.

Вебинар барысында кафедра профессорлары Нағима Жаулыбайқызы мен Қарлығаш Молдағалиқызы тақырыпқа қатысты сұрақтар қойып, пікірлерін білдірді.

Басылым күні :  22.05.2020