ҚазҰУ-дың дінтану және мәдениеттану кафедрасы магистранттары ғылыми тағылымдамасын Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде өтті

 Ағымдағы жылдың 27 сәуір мен 12 мамыр аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, дінтану және мәдениеттану кафедрасының «Мәдениеттану» және «Дінтану» мамандықтары магистранттары Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Ислам өркениеті және мәдениетаралық диалог» тақырыбында ғылыми тағылымдамадан өтті.

         Zoom платформасында тағылымдама аясында Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, дінтану кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Зікірия Жандарбек «Мәдени ұқсастықтар және қоғамдағы дін қызметінің айырмашылықтары», «Ислам мәдениеті мен өркениеттің басқа да өркениеттермен қарым-қатынасы», «Ислам және толеранттылық», «Мультимәдени қоғамдардағы қатар өмір сүру» атты дәрістер өткізді. Семинар қатысушылары талқыланған тақырыптарды талқылауда белсенділік танытып, қызықтырған сұрақтар қойып, пікірлерімен бөлісті.

 

Дінтану және мәдениеттану кафедрасы

Басылым күні :  22.05.2020