Алғаш рет онлайн форматта өткен диссертациялық қорғау

2020 жылдың 19 мамырында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін алғаш рет онлайн форматта диссертациялық қорғау өтті. Диссертациялық қорғау «Мәдениеттану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне үміткер Анар Танабаеваның «Ортағасырлық ислам мәдениетіндегі «кемел адам» концептісі» тақырыбында ҚазҰУ жанындағы «Философия», «Мәдениеттану», «Дінтану», «Исламтану» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өткен болатын. Диссертация ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасында дайындалды. Ғылыми жетекшісі Философия және саясаттану факультеттінің деканы, филос.ғ.д., профессор Масалимова Алия Рмғазықызы. Онлайн форматта Zoom платформасында алғаш өткізілген Диссертациялық Кеңестің бұл тәжірибесі сәтті өтті.

 

Басылым күні :  20.05.2020