Мерейтой қарсаңында “Әбу Насыр әл-Фараби және оның шығармашылығы” атты онлайн дөңгелек үстел өткізілді

Ағымдағы жылдың ақпан айының 4-күні әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті “Әбу Насыр әл-Фараби және оның шығармашылығы” тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өткізді. Аталмыш шара Қостанай облыстық Қазақстан халықтары ассаблеясының бастамасымен өтті.

Онлайн дөңгелек үстелге А. Байтұрсұнұлы атындағы мемлекеттік университет, Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті сынды қостанайлық бірнеше университет қатысты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың “Қайырымды қоғам азаматтарын қалыптастыру” жобасының аясында өткізілген дөңгелек үстелде фарабитану, шығыстану және философия саласының ғалымдары мен осы сала мамандары баяндама жасады. Атап айтар болсақ шығыстану факультетінің деканы Ықтияр Палтөре, дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі Құрманалиева Айнұр, философия ғылымдарының докторлары Асқар Лесбай, Сүлейменов Пірімбек, Бегалинова Калимаш, PhD-докторанттар: Хумархан Жанболат, Есдәулет Ергелді, Раисов Қазбек әл-Фараби бабамызды түрлі қырынан танытуға тырысты. Сонымен қатар қостанайлық әріптертер де бұл тақырыпта өз білгендерімен бөлісіп, дөңгелек үстелдің қызу талқыда өтуіне ат салысты.

Болашақта осындай тың іс-шараларды жиі өткізу арқылы әл-Фараби бабамыздың еңбектерін көпшілікке дәріптеу университеттің негізгі жоспарларының бірі болып табылады.

 

 

 

 

Басылым күні :  10.02.2020