Жамбыл облысы әкімдігінің Дін істер басқармасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, дінтану және мәдениеттану кафедарасы филиалының ашылуы

2020 жылдың 31 қаңтар күні Жамбыл облысының Дін істер басқармасы және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасында келісімшартқа қол қойылды, келісімшарты пәні дінтану және мәдениеттану кафедрасы филиалының ашылуы болып табылады. Келісімшартқа Жамбыл облысы әкімдігінің Дін істер басқарма басшысы Омаров Жангелді Жайлауұлы, Жамбыл облысының әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығының басшысы Джумекеева Кенжегүл Сейтханқызы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультеті деканы, профессор Масалимова Алия Рымғазықызы, сонымен қатар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дінтану және мәдениеттану кафедрасы меңгерушісі профессор Құрманалиева Айнұр Дүрбеленқызы қол қойды. Қелісімшартқа қол қою шарасына сонымен қатар Жамбыл облысы әкімдігінің Дін істер басқармасының бөлім басшысы Ақбай Еркебұлан Ахметұлы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы және «Дінтану» мамандығының студенттері қатысты.

«Атаулы шараумен, сонымен бірге ғұлама ойшыл, философ Әбу Насыр әл-Фараби 1150 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Білім саласындағы ынтымақтастығымыз нығаюда. Дінтану және мәдениеттану кафедрасы Жамбыл облысы әкімдігінің Дін істер басқармасы үшін білікті мамандар дайындауда орасан үлесін қосуда. Ынтымақтатық аясында бірлескен ғылыми зерттеулер және жобаларды жүзеге асырып, қызметкерлер біліктілін арттырамыз», - деді Жамбыл облысы әкімдігінің Дін істер басқарма басшысы Омаров Жангелді Жайлауұлы.

Қол қойылған келісімшарт аясында екі жақ білім, кәсіби дайындық және бірлескен ғылыми зерттеулер саласында өзара әрекеттеседі, бірлескен оқу бағдарламаларын дайындайды; Жамбыл облысы әкімдігінің Дін істер басқармасына кеңес беру, лидерлік дәрістер және т.б. оқу-тәрбиелік шараларын өткізеді; Жамбыл облысы әкімдігінің Дін істер басқармасы тапсырысымен магистратурада жас кадрларды дайындайды; әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Біліктілікті арттыру институтында қызметкерлер оқуын өтеді; бірлескен ғылыми-әдістемелік және ғылыми жұмыстар шығарылмақ.

Басылым күні :  05.02.2020