Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына арналған «Ауған ақиқаты» көрме-кездесуі

2019 жылдың 12 ақпаны күні Алматы музейінде «Ауған ақиқаты» көрме-кездесуі өтті. Мәдени шараға Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінің «Дінтану, мәдениеттану және исламтану» кафедрасының докторанттары Серғазы Құдайбергенов, Салтанат Мұқатаева, Дастан Ахметжанов қатысты.

Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл. 9 жыл 2 ай 15 күнге созылған қантөгіс талай азаматтың ғұмырын қиды. Олардың есімдері қазақстандықтардың жадынан ешқашан өшпек емес.

Кездесуге арнайы шақырылған қонақтар авиация генерал-майоры, әскери ұшқыш, 2 мәрте «Қызыл жұлдыз», 3-ші дәрежелі «Отанға қызмет» ордендерінің иегері Нұрғалиев Тұрар Сапарғалиұлы, Ауғанстандағы соғыс және басқа жергілікті әскери жанжалдардың ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестіктерін үйлестіру кеңесінің төрағасы Абдушукуров Мұрат Мұхтарұлы, жауынгер-интернационалист, Ауғанстандағы соғыс ардагері, еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Әлімқұлов Ерлікбай Бессатұлы қатысты.

Студенттер мен докторанттар тарапынан қонақтарға сұрақтар қойылып, ардагерлер кезегімен жауап беріп, естеліктерімен бөлісті.

Іс-шара барысында көрермендерге ҚР Орталық мемлекеттік киноқұжаттар қорынан алынған «От Капчагая до Кабула» деректі фильмі көрсетіліп, «Ауған» әндері орындалып, «Ауған ақиқаты» көрмесімен жалғасты.

Басылым күні :  14.02.2019