Ұлы Жібек жолы – өткеннің іздері және болашақ көкжиегі

2019 жылдың 15 қаңтар күні ҚР Ұлттық кітапxанасы, Е. Тұрсыноватындағы киноклуб залында "Ұлы Жібек жолы - өткеннің іздері және болашақ көкжиегі" аттыдеректіфильмніңтұсаукесерсалтанатыөтті. Іс-шара дінтану және мәдениеттанукафедрасыныңпрофессоры, Ж.Молдабековатындағы "Қазақтану" орталығыныңжетекшісі, филосғ.д. Ғабитов Тұрсын Хафизұлыныңбастамасыменөтті. Тұсаукесер салтанатына мәдениеттану мамандығының 2-курс докторанттары Абдулина Н., Әбікенов Ж., Сапарова Д., Құдайбергенов С. қатысты. Фильм Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар мен тұтас мәдениеттердің өзара қарым-қатынасы мен мәдени диологы туралы баяндайды және көшпелі мәдениет жетістіктері тариxи объективті бағаға ие болады. Қазіргі таңдағы экология, нақтылы ұлттық идентификация мәселелері және бастысы ұлттық мәдениет бастаулары мен болашағы қарастырылды. Әлемдік өркениетке көшпелі мәдениеттің қосқан үлесінің бір сыпырасына ғана: жылқы доместификациясы, қобыз аспабы (скрипка аспабының негізі), металлургия саласы, алма жемісі мен бәйшешек өсімдігінің алғаш көріністері сипатталды. Көне сақ мәдениетінің "аң стилімен" жасалған "Алтын адам" жеке мән беруді қажет етеді.
Қазіргі қазақ мәдениеті сол жетістіктердің заңды әрі басты мұрагері, сол себепті оны зерделеп, сақтап және дамыту - ұлы бабаларымыз мен болашақ ұрпақ алдындағы біздің басты борышымыз.


Басылым күні :  02.02.2019