"Кері ағымдардың зияны" атты тақырыпта ашық тәрбие сабағы

2018 жылдың 5 желтоқсанында «6M020600 Дінтану» мамандығының 2 курс магистранты Рысбек Т.Ж. педагогикалық практика аясында «Кері ағымдардың зияны» атты тақырыпта ашық тәрбие сабағын өткізді.

Ашық тәрбие сабағы барысында дінтану мамандығының 3 курс студенттеріне кері ағымдардың зияны мен дәстүрлі діндерден айырмашылығы туралы түсінік қалыптастыру мақсат ретінде қойылды.

Ашық тәрбие сабағының міндеттері ретінде:

- Жалған діни ағымдардың құрыққа түсіру әрекеттерін түсіндіру;

- Кері ағымдардың ықпалына түскен азаматтардың тұлғасындағы өзгерістерді қарастыру;

- Исламдық жалған діни ағымдардың ортақ тұстарын анықтау.

           Жоспар бойынша деструктивті діни ағымдар, кері ағымдар, дәстүрден тыс ұйымдар мен культтер қарастырылды.

           Сабақ барысында студенттерге деструктивті діни ағымдардан алдын алу мақсатында зияны түсіндіріліп, студенттерге сұрақтар қойылып, қабылдаған мәліметті бекіту үшін видео көрсетілді. Одан бөлек студенттерді топқа бөліп, топ ретінде жарыстырып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Сабақ соңында қорытынды жасалып, студенттердің туындаған сұрақтарына жауап берілді.

Басылым күні :  21.12.2018