Ғылыми семинар өткізілді

15 қараша сағат 16.00-18.00 аралықтарында 2 курс  PhD докторанттары Турганбаева Ж. және Тутинова Н. Дінтану, Мәдениеттану, Исламтану кафедрасының негізінде: «Ислам әлеміндегі мәдени-коммуникативтік кеңістігіндегі Адаб: дәстүрлердің жалғасуы мен модернизациясы», «Орталық Азиядағы әлеуметтік-мәдени конфликтілердегі діни фактор» диссертация тақырыптары бойынша ғылыми семинар өткізілді.

Ғылыми семинарының негізгі мақсаты тақырыптың негізі мен өзектілігін, әдістемесін ашып көрсету  мен диссертация аясында жарық көрген мақалаларымен таныстыру болды. Қатысушы тарап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің  «Исламтану» мамандығының  2-ші курс магистраннтары. Ғылыми семинардың соңыда әрбір магистрант өзерінің сұрақтарын диссертациялық зертеу аясында, ғылыми мақалаларды жариялау сатылары мен зерттеудің кезеңдік және географиялық-өркениеттік, пайдаланылған әдебиеттер тізімдері негізінде қойған болатын. Ғылыми семинар уақытында сыйластық, ғылыми зерттеу қызығушылықтары, ғылыми жұмысы кезіндегі тәжіребиемен бөлісу, творчестволық ізденіс атмосферасы орын алған еді.

Басылым күні :  22.11.2018