«Дүниежүзілік толеранттылық күніне» арналған дөңгелек үстел өткізілді

2018 жылдың 16 қарашада «Дүниежүзілік толеранттылық күніне» арналған дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел халықаралық және университет аралық деңгейде өтті, аталған іс-шараға Әл-Азһар университетінің профессоры, ақида (сенім) ілімінің докторы Абдулла Мадих, ҚМДБ жанындағы имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының оқу бөлім меңгерушісі Юлдашев Т.У., ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты Дінтану бөлімінің ғылым хатшысы Бектенова М.К., Нұр-Мубарак Египет ислам мәдениеті университетінің PhD докторы Дуйсенбаева А.К. және Нұр-Мубарак Египет ислам мәдениеті университетінің магистранттары, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультетінің деканның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ельбаева З.У., Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі Құрманалиева А.Д., кафедра профессорлары Бегалинова К.К., Рысбекова Ш.С., Борбасова К.М., дінтану және исламтану мамандығының студенттері мен магистранттары қатысты. Дөңгелек үстелді модератор ретінде профессор Байтенова Н.Ж. жүргізіп, мәселенің жан жақты талқылауына басшылық жасады. Талқылаудың барысында діндердің бейбітшілікке, төзімділікке қатынасы, жастардың қазіргі қоғамдағы діни толеранттылығы мәселесі, толеранттылық принципін ұстанудағы Қазақстанның жетістігі, мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынасты жетілдірудегі оның үлесі және т.б. өзекті мәселелер қарастырылды. Қатысушылар өздерінің ойларын ортаға салып, көкейіндегі сұрақтарына жауап алды. Келген қонақтарға және белсенділік танытқан студенттерге сыйлыққа кітап берілді. Жастардың бойында толеранттылықты қалыптастыруға және оны одан әрі нығайтуға бағытталған дөңгелек үстел өте жоғарғы деңгейде өткізілді.

Өткізілген орны: Философия және саясаттану факультетi, 123 ауд.

Уақыты: 16.11.2018ж. 10:00

Ұйымдастырушылар: Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Құрманалиева А.Д., ф.ғ.д., профессор  Байтенова Н.Ж., Рысбекова Ш.С., Борбасова К.М. және дінтану мамандығының 2 курс магистранттары.

Басылым күні :  19.11.2018