«Айналаңды нұрландыр» жобасы және "Руxани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасы аясында мерекелік іс-шара

2017 жылдың 1 желтоқсанда Алматы қаласының әкімдігі, "Алматы концерт" ЖШС және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, дінтану және мәдениеттану кафедрасы профессорлары Құрманалиева А.Д., Ғабитов Т.Х., Абишева А.К. және «Мәдениеттану» мамандығының 2 курс магистранты Баскынбаева Н.К. ұйымдастыруымен ҚР тұңғыш Президентінің күніне арналған эстрада жұлдыздарының қатысуымен "Елбасы - елімнің жүрегі" атты мерекелік іс-шара өткізілді. ҚР Бірінші президент күні 2012 жылдан бері 5 жыл бойы аталып өтуде.  Бұл іс-шараның мақсаты - жас ұрпаққа Елбасының ерекше жетістіктерін таныстырып, тұлғалық тұғырын түсіндіру. Елбасымыздың ерен еңбегін мақтаныш сезіммен жастардың бойына сіңіріп, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтере отырып, ұлттық поэзиямыздың көшін жалғап жүрген өскелең ұрпақтың шығармашылық өнерін көпшілікке паш ету. Іс-шара тақырыбы және мерекелік іс-шара бағдарламыс жастарға бағытталған «Рухани жаңғыру» негізгі идеяларын дәріптеді.

Өтетін орны: "Халық арена", Алматы қаласы, Құлжа тракті, 2Д

Күні және уақыты: сағ. 11:00, 01.12.2017 ж.

Ұйымдастырушылар: Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі профессор Құрманалиева А.Д., кафедра профессорлары Ғабитов Т.Х., Абишева А.К., 2 курс магистрант Баскынбаева Н.К.

Басылым күні :  14.12.2017