«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында тәрбие сағаты өтті

2017 жылдың 12 қазаннында №176 мектеп-гимназиясында«Қыз Жібек» клубының мүшелері арасында «Ақылды және білімді қыздар – болашақ қыз келіншектер мен үлгілі әйелдер» атты тәрбие сағаты өткізілді.

Өткізілген орны:№176 мектеп-гимназия, Мақатаева, 47, Қалқаман-3.

Күні және уақыты: сағ. 12:00, 12.10.2017 ж.

Ұйымдастырушылар: дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушылары профессор Байтенова Н.Ж., профессор Құрманалиева А.Д., профессор Борбасова Қ.М., 2 курс магистранты Сақбаева А.Қ.

Іс-шараның мақсаты: Қыздар қауымымен сырласа отырып, олардың тәрбиесіне көңіл бөлу, эстетикалық тәрбие беру, оларға салт – дәстүрді үйрету, олармен пікірлесе отырып, өздерін мазалап жүрген сұрақтары болса, соған жауап табу, еркін өз ойларын ашып айтуға баулу. 

Іс-шараға 9,10 сынып қыздары қатысты. Бұл пікір сайыстың басты тақырыбы қазіргі заманғы қыз бейнесі мен тәрбиесі болды. Жасөспірім қыздарға отбасындағы тәрбие, қыздардың қоғамда өзін-өзі ұстау мәдениеті мен қыз балаға тән қасиеттер жайлы кіріспе сөз оқылды. Одан кейін қыздар «Адамның асыл қасиеттері» мен «Имандылық қасиеттерін» жіктеп жазып беріп, оларды қалай түсінетінін және осы игі қасиеттердің қайсысы өз бойынан табылады деген сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, жасөспірім қыздар өздеріне ұнамайтын және де өзінде бар жаман қылықтар туралы да жазып, олардан арылудың жолдарын көрсетті. «Қызға 40 үйден тыйым» мәтелінің мағынасын түсіндіріліп, талдау жұмыстары өткізілді. 9,10 сынып қыздары бұл іс-шараға белсенді қатысып, өз пікірлерін ашық, айқын жеткізуге тырысты.

Жалпы іс-шара өте көңілді әрі мағыналы өтті. 

Басылым күні :  25.10.2017