«Қазіргі Қазақстандағы неопаганизм феномені (дінтанулық талдау)»диссертациялық зерттеу тақырыбында өткізілген ғылыми семинар
![]()
2016 жылы 5 желтоқсан күні философия ғылымдарыныңкандидаты, доцентМейрбаев Б.Б. және «Дінтану» мамандығының 2-курс докторантыАсанова С.С.«Дінтану» мамандығының 4-курс студенттеріне «Қазіргі Қазақстандағы неопаганизм феномені (дінтанулық талдау)» тақырыбында ғылыми семинар өткізді.
Семинар барысында неопаганизмнің халық дүниетанымына ықпалы және қазіргі неопаганизм ерекшеліктері қарастырылды. Сонымен бірге, әр түрлі жаңа діни ұйымдарда кездесетін пұтқа табынушылық элементтері талданды.
Ғылыми семинар барысында студенттер өз пікірлерімен бөлісіп, неопаганизмге қатысты қызықты мәліметтерді талқылады.

Басылым күні : 08.12.2016






