Болашаққа арналған білім
21 қыркүйек 2023 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұйымдастырған «ҚазҰУ қос дипломдық және бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру» вебинарында Дінтану және мәдениеттану кафедрасының доценті, философия ғылымдарының докторы Жолдубаева Ажар Куанышбековна қатысты.
Вебинар Халықаралық бейбітшілік күніне арналған іс-шаралар аясында өтті. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің серіктес ұйымдарымен жұмыс мысалында ҚазҰУ-да қос дипломды және бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру туралы ақпараттандыруға бағытталған.
Сондай-ақ, вебинар барысында қос дипломдық және бірлескен білім беру бағдарламаларының рейтингі бойынша Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудің өзектілігі бірнеше рет атап өтілді.
«Қос дипломды білім беру бағдарламалары мен бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру мәселелері» (Білім беру бағдарламаларын жобалау басқармасының бас маманы Сүлейменова Г.С.), «Тұрақты даму муддесі аясында білім беру» (Стратегиялық даму орталығының Директордың орынбасары Мұхтар Л.), «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен РУДН университеті арасындағы ынтымақтастық тәжірибесі: «Халықаралық маркетинг» ББ, «Халықаралық логистика» қос дипломдық білім беру бағдарламасы мысалында» (Экономика және жоғары бизнес мектебіндегі «Бизнес және технология» кафедрасының меңгерушісі Ахметова З.Б.), «Қосдипломдық бағдарламаны жүзеге асыру тәжірибесі ҚазҰУ мен Ла-Сапиенца университеті ынтымақтастығы үлгісінде» («Дүниежүзі тарихы» ОП үйлестірушісі Садыкова Р.О.), ««M147 Туризм» және «M149 Мейрамхана және қонақ үй бизнесі» топтарында екі дипломдық білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру тәжірибесі: РУДН мен БелГУ мысалында» («Туризм» ОП үйлестурішісі Плохих Р.В.), «Қос дипломды бағдарламаларың іске асыру мәселелері» (ОП үйлестурішісі Шортанбаева Ж.К.) баяндамалары тыңдалды.
Ажар Куанышбековна «ТДМ қол жеткізу контекстіндегі жаппай онлайн білім беру курстары (оқу процесінде ЖАОК дамыту және қолдану мысалында)» тақырыбында баяндама жасады
Вебинарды департамент директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Мусинова А.А. қорытындылады.







