Студенттер Алматы қаласының орталық мешітіне барды

30 мамыр күні Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының 1-курс студенттері оқу практикасы аясында Алматы қаласының орталық мешітіне, мәдени-танымдық мақсатпен саяхат жасады. Оқу практикасының бағдарламасына сәйкес мешіттің, сыртқы және ішкі әбзелдеріне, архитектуралық құрылымына, акустикасы мен ішкі декор әшекейлерінің семиотикалық мән мағынасын ашып танысты. Сонымен қатар мешітінің наиб имамы Тимур Алиев дінтанулық, әрі мұсылман әдебі мен мешіт әдептері туралы дәріс оқыды.


Басылым күні :  31.05.2023