ҚазҰУ түлектер күнін кең ауқымда атап өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Түлектер күні кең ауқымда аталып өтті. Салтанатты жиын Әл-Фараби атындағы Мәңгілік ел қақпасынан басталды. ҚазҰУ түлектерінің әр жылғы буын өкілдері шығыстың ғұлама ғалымы әл-Фараби ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Биыл Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін 8190 түлек бітіріп шықты, оның ішінде 6758-і бакалавриатты тамамдады. 1256 түлек үздік диплом иегері атанса, магистратураны 1774, докторантураны 442 білім алушы бітірді. Университет оқу гранттарының саны бойынша еліміздің жоғары оқу орындары арасында теңдессіз көшбасшы.
Түлектер күні факультеттерде жалғасын тапты.
Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының 20 жылдық түлектері Алия Өмірбекқызы, Жанна Орынбасарқызы, Әсем Ануарбекқызы және осы топтың барлық түлектері факультетке музыкалық аппаратура сыйлады. Факультет студенттері қол соғып, алғысын жеткізіп жатты. Түлектер өздеріне сабақ берген оқытушыларға гүл шоқтарын дайындаған.
Биылғы түлектер де қалыс қалмады. «6В02203-Дінтану» мамандығының 2022-2023 жылғы түлектері атынан 200 000 теңге қаржылай сыйақымен сабақ үлгерімі жақсы кафедра білім алушыларына тарту жасаса, дінтану және мәдениеттану кафедрасы «6В03102-Мәдениеттану» мамандығының 2022-2023 жылғы түлектері атынан 100 000 теңге «Эндаумент» қорына табыстады.
Шара аясында студенттер ән шырқап, әр жылғы түлектердің естелік бейнефильмдерін, презентацияларын тамашалап, ұстаздарына деген ақ тілектерін білдіріп, соңында естелікке суретке түсті.







