«Антропологиялық мәдени туризмді дамытудағы ғылыми альянсты нығайтудың көкжиектері» тақырыбында кездесу

22-мамыр күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің академиялық серіктестіктігін ілгерілету мақсатында Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасы профессор-оқытушыларының Гонконг политехникалық университеті (PolyU) жанындағы «Жібек жолы» қауымдастығының ғылыми қызметкерлерімен «Антропологиялық мәдени туризмді дамытудағы ғылыми альянсты нығайтудың көкжиектері» тақырыбында кездесуі өтті. Іс-шара дөңгелек үстел форматында жүргізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына Гонконг политехникалық университеті тарапынан профессорлар Джустина Юнг, Суан Со, Памела Юй, Линда Ло және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен Философия және саясаттану факультетінің деканы, философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Мейрбаев Б.Б., Деканның ғылыми-инновациялық және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары Альчимбаева А.Б., Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Құрманалиева А.Д., кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары Карыбаева А.Н., философия ғылымдарының докторы, профессор Байтенова Н.Ж., философия ғылымдарының докторы, профессор Бегалинова К.К., Әл-Фараби орталығының ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының кандидаты Балтымова М.Р., философия докторы (PhD) Мұқан Н, аға оқытушы Кудерина А.Н., оқытушы Құдайбергенов С.Е. және аталған кафедраның докторанттары мен жас ғалымдар қатысты.

 

Іс-шараның бағдарламасына сай Қытай елінен келген қонақтарға Әл-Фараби музейі таныстырылды. Кездесуді ресми түрде факультет деканы Мейрбаев Б.Б. ашты.

Іс-шара барысында университет аралық байланыстарды нығайту, біріккен оқу бағдарламаларды жүзеге асыру, ғылыми тағылымдаманы ұйымдастыру, академиялық ұтқырлық бағдарламасын ізгілендіру сынды әртүрлі мәселелер сөз болды.  

Сұхбат барысында Гонконг политехникалық университетінің профессорлары Джустина Юнг, Суан Со екі оқу орны арасындағы стратегиялық қатынастарды нығайту мәселелерін қоса алғанда, антропологиялық мәдени туризмді дамытудың бірнеше бағдарларын ұсынды және бірлескен өңірлік мәдени -тарихи сипаттағы турне туралы жан-жақты пікір алмасты.

Тараптар мәдени туризмді дамытудағы ғылыми альянсты дамытуға бағытталған жобалар мен бағдарламаларды іске асыруды оңтайландыру туралы келісім шарт орнатуды жоспарлады.

Басылым күні :  22.05.2023