«Ислам бейнелеу өнерінің семиотикасы» атты ашық сабақ

7-наурызда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Философия және саясаттану факультетінің 1-курс магистранты Шантемисов Ермек халықаралық деңгейде ашық семинар сабағын өткізді.

   Дәріс «6B02203-дінтану» мамандығының » 3-курс студенттеріне «Ислам семиотикасы пәнінен «Ислам бейнелеу өнерінің семиотикасы» тақырыбында оффлайн және онлайн форматта өткізілді.

     Ашық сабаққа Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Кудерина Айжан Нурхамитқызы педагогикалық практика жетекшісі ретінде және педагогика кафедрасының мамандары өз тәжірибелерімен бөлісіп сабақты халықаралық деңгейде өтуін қолдады.

     Ашық семинар сабағына Түркия еліндегі Başkent Üniversitesi General Medicine (Башкент Университитеті) жалпы медицина кафедрасының 4-курс студенті Маратулы Азамат және Сулейман Демирел университетінің Құқық және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының халықаралық қатынастар және дипломатия мамандығының 3-курс студенті Абдрахманов Рауан және «IT computer scinces» мамандығының 4-курс студенті Асанов Арслан оффлайн форматта қатысты.

Дәріс барысында ислам мәдениетіндегі бейнелеу өнерінің ерекшеліктері оның архитектураларда өзінің ғажап стильдері, декорациялары, калиграфиялары рухани-материалдық байлықтың бәрін қамтитын күрделі ұғым ретінде әрі ислам мәдениеттің жасайтын және оны тұтынатын да ең қымбаты жаратылыс – адам, оның тұлғалық дамуы мен заманауи кемелденуі өнерде көрініс табуы жайында болды.    

       Магистранттың интеллектуалды диалогтары, қорғаған авторлық жоба-презентациясы өте тартымды, қызықты болды, әрі үлкен танымдық-ақпараттық мазмұнды қамтыды.

Басылым күні :  21.04.2023