«Ислам діні мен ұлттық дәстүр» тақырыбында ашық дәріс сабағы
13 сәуір күні Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы, PhD Әлтаева Нұрсұлу Сауранбекқызы Дінтану мамандығының 3 курс студенттеріне «Дін мен дәстүр» пәнінен «Ислам діні мен ұлттық дәстүр» тақырыбында ашық дәріс сабағын өтті. Ашық дәріс сабағына Тараз өңірлік университетінің аға оқытушысы Алтынбекова З.Д. қатысты. Сабақ барысында студенттерге қазақ халқының ұлттық дәстүрлерінің ислам дінімен сабақтастығы, ислам дініне дейінгі салт-дәстүрлер мен ұмытылып бара жатқан дәстүрлер туралы ақпарат беріліп видео материал ұсынылды. Тақырыптың игерілуі және аудиторияның толық қамтылуы үшін «Бәйтерек» әдісі қолданылса, сабақ соңында «Синквейн» әдісімен рефлексия жасалды. Студенттер екі топқа бөлініп, ұлттық дәстүрлерді қаншалықты білетіндіктері туралы сұрақтарға жауап берді, осылайша олармен кері байланыс орнатылды.







