«Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны» атты кітабына шолу
17-сәуірде дінтану мамандығының 2-курс студенттерімен педагогикалық практика аясында инновациялық «100 кітап» жобасының британдық танымал философ, дінтанушы Карен Армстронгтың «Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны» атты кітабына шолу жасалынды. Алдымен, Нұр-Мүбәрак университетінің 2-курс магистранты – Әбділлә Медет қазақтың жазу тарихы туралы ақпараттар келтіре отырып, «100» кітап жобасының тарихы мен мақсатын баяндап өтті. Кейін «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты – Балтымова Мира Рашидовнаның жетекшілігімен «Исламтану» мамандығы бойынша 1-курс магистранты – Қабиденов Жандос арнайы презентациямен кітап туралы деректер келтірді. Онда автордың өмірбаяны, кітаптың ағылшын, орыс және қазақ тіліндегі нұсқалары, еңбектің мазмұны, соның ішінде иудаизм, христиандық және исламға қатысты тұжырымдары қамтылды.
Көрнекілігі: презентация, кітаптар
Ұйымдастырушы: «Исламтану» мамандығының 1-курс магистранты – Қабиденов Ж. С






