«Әкелер мен балалар» атты романы талқыланды
28 наурызда Мәдениеттану мамандығының 1 курс магистрантымен педагогикалық практика аясында «100 кітап» инновациялық жоба бойынша Иван Сергеевич Тургеневтің «Әкелер мен балалар» атты романы талқыланды.
И.С. Тургеневтің «Әкелер мен балалар» романының негізгі мазмұны - Павел Кирсанов пен Евгений Базаров арасындағы тартыс. Екі ұрпақтың түсініспеушілігі олардың бітпейтін дауында көрінеді. Кітапты оқу барысында әртүрлі дәуірдегі адамдардың бір-бірінен қаншалықты ерекшеленетінін байқауға болады. Олардың көзқарастары, идеялары, құндылықтары әртүрлі. Романда бір-біріне біресе үреймен, біресе жек көрушілікпен қарайтын ескі және жаңа ұрпақтың мәңгілік қақтығыстары ғана емес, сонымен қатар басқа да мәселелер көтеріледі: халыққа, еңбекке, ғылымға, өнерге деген қарым-қатынас қандай болу керек, орыс ауылдарына қандай өзгерістердің қажет екендігі, т.б.
Жобаның мақсаты: «Әкелер мен балалар» тақырыбы қашанда өзекті, өйткені бұрын да, қазір де балалар мен әкелердің арасында көптеген келіспеушіліктер болған және әлі де бар. Балалар әрқашан өздерінің ойын дұрыс деп санайды, ал әкелер өздерінің дұрыс екендігіне сенімді. Бірақ осындай мәңгілік тартысқа қарамастан, автор бізді өзара түсінісушілікке, құрмет көрсетуге, сүйіспеншілік пен қамқор болуға баулиды.
Көрнекілігі: презентация, кітаптар
Ұйымдастырушы: «6D020400-мәдениеттану» мамандығының 1-курс докторанты П.М. Сариева.







